Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Мәйекті 4680 0 пікір 21 Қыркүйек, 2015 сағат 09:00

«АСПАН ҚҰЛАСА, ОНЫ ТІРЕЙТІН БІРЕУ ШЫҒАДЫ»

Әлемдік саясатта Дың Шаупиңды (Дэн Сяопин) білмейтін жан жоқ. Ол бүгінгі Қытай экономикасының қарыштап дамуына бастамашы болған – ұлы реформатор, ұлы саясаткер. Қазір күллі ханзу ұлтының өкілдері Дың атайды құрмет тұтады. Оның аузынан шыққан әрбір сөзді Қытай халқының құндылығы деп бағалайды. Неге? Көршіңді тереңірек танымақ болсаң, оның ойымен санасуың қажет. Дың Шаупиңнің не айтқандарына құлақ түрейікші.

«Біз сияқты қарттар, бастысы, іске араласпай, жастардың еркін жұмыс істеуіне жол ашып, қазіргі жолдастардың пісіп-жетілуіне мүмкіндік беру. Қарттар саналылықпен орын босатып, жастарға жанамалай көмектесуі, басқаларға кедергі болатын іс істемеуі керек. Лайықты істелмеген істерге де ізгі ниетпен көмектесіп, кейінгі ұрпақ ізбасарларды баулуға назар аудару керек. Мен қартайғанда қателік өткізіп алмау үшін қоймай жүріп, демалысқа шықтым. Қарттардың өзіндік артықшылығы болғанымен, оңай қырсықтана қалатын кемшіліктері де болады. Сондықтан қарттарда да біраз саналылық болғаны жөн. Қартайған адам өмірінің соңында қателік өткізіп алмауы керек. Сол үшін оның кішіпейіл болғаны жөн».

«Халықаралық жағдайда көптеген елдер Қытай жөніндегі саясатын менің ауырып жатып қалуыммен немесе өліміммен байланыстырып отыр. Мен бұл мәселені талай жылдан бері аңғарып келемін. Бір мемлекеттің тағдыры бір-екі адамның абыройымен байланысты болса, ол өте қатерлі болады. Әңгіме шықпаса оқасы жоқ, әңгіме қозғала қалса оны жиыстырудың өзі мұң болады». 

«Миң императоры Чыңзу дәуірінде Жың Хының теңіз арқылы батысқа жасаған сапары есікті ашық ұстау болар. Чың Зу өлгеннен кейін Миң империясы біртіндеп құлдырады. Кейін Чиң империясының Каң Ши, Чянлұң дәуірінде де есік ашық ұсталған жоқ еді деуге болмайды. Миң империясының орта шенінен есептегенде, апиын соғысына дейін 300 жылдан астам томаға-тұйық болдық. Каң Ши заманынан есептегенде де Қытай 200 жылға таяу томаға-тұйық болды. Ұзақ уақыттан бергі томаға-тұйықтық Қытайды мешеулік, надандық күйге түсірді».

«Дүние дамып барады, техника жағынан алға баспасақ, озбақ түгіл ілесе де алмаймыз, шын өрмелеушілік сонда болады, біз дүние жүзіндегі ғылым-техниканың озық жетістіктерін өз дамуымыздың басталар нүктесі етуіміз керек».

«Қытайдың ісін жақсы істеу үшін, сөзсіз өзімізді тыянақ етуіміз, өзіміздің ерекшелігімізге қарай істеуіміз керек, бүкілдей өзге елдің үлгісімен Қытайды гүлдендіру мүмкін емес. Десе де Қытайдың өз есігін тарс жауып алып құрылыс жүргізуіне де болмайды, шетелдің озық тәжірибелерін қабылдап, шетелдің қаржысынан, техникасынан ұтымды пайдалану арқылы дамуымызды жеделдетуіміз керек».

«Капитализм − феодализмнен абзал. Кейбір нәрселерді капитализмдікі деуге болмайды. Мысалы, техника − ғылым, өндірісті басқару − ғылым, бұлар − әрқандай қоғам, әрқандай ел үшін пайдалы нәрселер. Біз үздік техниканы, үздік ғылымды, үздік басқару өнерін үйреніп, социализм үшін қызмет етеміз. Ал бұл нәрселер тапқа жіктелмейді».

«Ғылым-техника − адамзаттың еңбек жемісі. Шетелдіктердің Қытайдың жетістіктерінен пайдалануына болады, бұған бола олар шетелдің құлы болу философиясынан қорықпайды. Сондықтан шетелдің құлы болу философиясын қаперімізге алмай дүниежүзіндегі ең озық жетістіктердің бәрін үйреніп және енгізіп, оны өзіміздің негізімізге айналдыруымыз керек».

 «Мен оларға ‹үміткерлік› дейтін бір ауыз сөзбен ғана жауап беріп келемін. Аспан құлап келе жатса да саспау керек, оны көтеретін тағы біреу шығады».

«Қытайдың социализмі өзгермейді. Қытай ең соңына дейін өзі таңдаған социализм жолымен жүре береді. Бізді ешкім де қысыммен құлата алмайды. Қытай құламай тұрса, дүние жүзі халқының бестен бірі социализмге табанды болғаны емес пе?».

«Бүкіл өмірімде бетке салық боларлық іс істегемін жоқ. Менің сөзімді мықтап жазып алыңыз, тек жақсы ниеттен жасалған қателіктер дегені болмаса, мен бірсыпыра қателік өткіздім, жүйеден Мау Зыдұң жолдас өткізген қателіктерде де менің үлесім бар. Қателеспейтін адам болмайды. Бұрынғы қателіктердің бәрін төраға Мау Зыдұңға ғана аудара салу адамдыққа жатпайды».

«Біздің қол жеткізген табыстарымызды жалғыз адамға тәуелдей салуға әсте болмайды, қайта оны көпшілік жолдастардың құлшынысының нәтижесі, жоғарыда орталық комитет пен жоғары дәрежелі орындардың, төменде қалың кадрлар мен халық бұқарасының және тең дәрежедегілердің, көршілес орындардың құлшынысының нәтижесі деп қарау керек. Елдің еңбегін малдануымызға, жоғарының дұрыс басшылығын, басқа жолдастардың, әр жақтардың құлшынысын түгел өзімізге теліп алуымызға әсте болмайды».

«Осылай айтуға мен ақылымын, өйткені мен қателік өткізгемін. Өзімді алып айтсам, қателігім 4 үлес, еңбегім 6 үлес болса, істеген істерімнің 60 пайызы жақсы, 40 пайызы онша жақсы болмаса, соған да шүкірлік етемін, көп бөлімі жақсы ғой».

("Дың Шаупиңнің мақалаларынан таңдамалылар". "Ұлттар" баспасының 1994 жылғы басылымы)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599