Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3918 0 пікір 22 Қыркүйек, 2015 сағат 11:40

"ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ" ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТПЕК

2015 жылдың 9-қазанында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еуразия барысы» турнирі өтеді.  Бәсеке таңертеңгі сағат 11:00-де басталады.  Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлайды. 
ІІІ Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі  «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  өтеді.
Бозкілемде Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия және Өзбекстан елдерінің командалары кездеседі деп күтілуде. Әрбір құрамада жеті балуан күреседі. Биылғы ерекшелік, салмақ дәрежесінде бірқатар өзгерістер бар. «Еуразия Барысында» балуандар командалық сында 55 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, -90 кг, -100 кг және +100 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Турнирде қазылық жасайтын халықаралық төрешілер құрамында қатысатын мемлекеттің өкілдері кіреді.  
Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі ең алғаш рет 2013 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. Оған Еуразия құрлығының 8 мемлекетінен балуандар қатысты. Бұл жарыс «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының «Қазақстан Барысы» мен «Жас Барыс» жобасынан кейін қолға алған үшінші жобасы. 2013 жылғы турнир жеңімпаздары отандастарымыз – Қазақстан құрамасы. Олар финалда Моңғолия құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. 
Екінші рет ұйымдастырылған турнир 2014 жылдың қараша айында Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналды. Оған Әзербайжан, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінің командалары қатысты. Финалда екінші рет Моңғолия құрамасы Қазақстан құрамалары кездесіп, моңғол балуандары жеңімпаз атанды. 
«Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде 7 сағат бойы әлемнің 126 мемлекеті тамашалады. Биылғы халықаралық көрсетілімді де түркиялық «ТРТ Аваз» бен ресейлік «Боец» арналары тікелей эфирде ұсынатын болады.  Ал елімізде «Қазақстан»,  «KazSport» және «КТК» арналары көрсетеді. 
Шараның бас демеушісі- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, титулды демеуші- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

 «ZhambylNews» АА

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1005
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 851