Сенбі, 4 Мамыр 2024
Шынның жүзі 10569 0 пікір 22 Қыркүйек, 2015 сағат 14:01

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ЗАҢДЫ ШЫҒАРУҒА ДА ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАМАУҒА ДА БОЛАДЫ!

Иә, алтынмен апталып, күміспен күптелген неше түрлі заң шығаруға және оны орындамауға әбден болады. Мысалы, қазақ тілі туралы қабылданған заңдарға қатысты осылай демеске амал кем. Неге десеңіз, мемлекеттік тіл туралы заң ширек ғасыр шегінде толық орындалаған жоқ.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі (7-баптың 1-тармағы), алайда Ата заңдағы бұл бап та аяққа тапталуда. Ата заңның мемлекеттік тіл туралы талабы мен заң нормаларын басқа емес, алдымен биліктің өзі мойындаған емес. Тәуелсіз Қазастан Республикасында әлі күнге іс қағаздары, ресми жиындар, заң жобалары, сот қызметі, мемлекеттік басқару жұмысы тек орыс тілінде ғана «сөйлейді». Бизнестің тілі де өзге елдің тілінде.

Ал, қазақ тілі ауыл үйдің айналасы мен ауыз екі қолданыстың шегінде қалуда. Егер билік біздің бұл сөзімізді теріс деп тапса, мына заңға бір ерт көз салсын:

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1198
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1090
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 826
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 962