Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4148 0 пікір 23 Қыркүйек, 2015 сағат 09:18

ДЕПУТАТТАР АС МӘЗІРІН АЙТЫП, МҰҢ ШАҚТЫ

Халық қалаулылары қарапайым жұрт секілді. Белгілі  болғандай олардың ас мәзірінде фуа-гра мен қара уылдырық жоқ, - деп хабарлайды 31 арна.

Депутат Нұрлан Жазылбеков мәжілістің ас мәзірінің суретін салып, жұрттың назарын аударды. 

Мәзірде салаттар бағасы 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров та парламент буфеті жайлы өзінің Facebook парақшасында жазып, асханамызда бәрі тиын-тебен тұрады деп ойлайды, шындығында олай емес деп мұңын шақты. Бұл пікір депутаттар мен қоғам өкілдерінің қызу талқысына ұласты.

Халық қалаулыларының кейбірі әріптесін қостағанмен, мұндай буфеттерге кіретін уақыты жоқ екенін айтып жатқандар да болды. Айта кету керек, қазіргі кезде мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1676
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1626
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1360
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1292