Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3544 0 пікір 10 Қазан, 2015 сағат 14:34

НАЗАРБАЕВ ПЕН ПОРОШЕНКО «ТҮСІНІСТІК» ПЕН «СЕНІМ» ЖАЙЛЫ АЙТТЫ

Астанада Украина президенті Петр Порошенкомен өткізген келіссөздерден соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тараптар «көп мәселелер бойынша өзара түсіністік тапқаны» туралы мәлімдеген. Назарбаевтың сөзінше, кездесу барысында президенттер екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастығын талқылаған.

Порошенконың айтуынша, бетпе-бет кездесу жоспарланған 40 минуттан көп уақытқа жалғасып, қос президент маңызды тақырыптарды талқылап үлгерген. Ол екі мемлекет арасында «ел басшылары мен халықтар арасында орнаған өзара сенім мен құрметке негізделген саяси диалогты дамытуға ниеті үшін» Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Сонымен бірге Порошенко өзі үшін Қазақстанның халықаралық құқықтың іргелі принциптеріне беріктігі, егемендік пен халықаралық деңгейде мойындалған мемлекет шекарасы аумағындағы жерінің тұтастығын құрметтейтіні зор маңызға ие екенін мәлімдеген.

Қос президенттің бұл кездесуі Украина мен Қазақстан арасында тауар айналымы көлемі азайған шақта өтіп жатыр. Назарбаевтың сөзінше, өзара сауданың бәсеңдеуі энергия көздері бағасының кемуіне, Батыс пен Украинаның Ресейге салған санкциялар мен оған Кремльдің қарсы шараларына байланысты болып отыр. Украина ресми органдарының мәліметі бойынша, бұл елдің Қазақстанмен жалпы сауда көлемі биылғы жылдың алғашқы жартысында 544,1 миллион долларды құраған.

Петр Порошенко Астанаға қазанның 8-і кешкісін келген. Сол күні ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Порошенконың сапары аясында Астанада бқазақ-украин бизнес-форумы өтті.

Бұл Порошенконың 2014 жылы Украина президенті болып сайланғаннан  кейінгі Қазақстанға алғашқы сапары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1043
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 780
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 901