Жұма, 17 Мамыр 2024
Мың бір мысал 4501 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 11:53

ПАВЕЛ ГЛОБА: ЖҰЛДЫЗҒА «ЖАЛЫНА» БАСТАДЫҚ...


Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан бері «Нан болса, ән де болады» деген «ұстаныммен» келген біздің басшылар дағдарыс дауылына шыдамай, ебелектеп-есеңгіреп қалды...

...«Ақырзаман таянғанда жердің қыртысындағы бақа-шаянның бәрі жердің бетіне шығады» – деп отырушы еді бұрынғылар, шындығында, «сасқан үйрек – артымен сүңгіп», біздің атқамінерлер елдің көңілін тыншыту үшін, тіпті, көріпкелдерге көрпе төсей бастапты...

Айтқанының 85 пайызы «айнымай келетін» ресейлік атышулы көріпкел Павел ГЛОБА-ның «мистическую страну - степь, которая меня приняла» деп, қазақ топырағына көшіп алғанына да біраз уақыт болды. Атасының «ұшаққа мінбе, қатынға құмар болма» деген өсиетінің алғаш­қысын орындап, соңғысына әлсіздік танытқан көріпкел Астанадан көзі аспантүсті махаббатын кездестіріпті...

Кітап оқуды жанындай сүйетін, мамандығы тарихшы Глоба алғашында дүниеге материалдық көзқарастағы өзінің көріпкелдікке сене қоймағанын, тек атасынан қалған астрология туралы кітаптарды үздіксіз оқи бергенін айта келіп, бүгінгі күннің басты төрт түйініне тоқталыпты:

1. Әлемдік соғыс өрті өрши түседі...

2. Американдықтар Иран ісіне міндетті түрде араласуы керек, өйткені, Иранда соғыс болады...

3. Қара қытай жер бетін қаптауын жалғастырады. Мысалы, Париждің қақ ортасында түрлері бір-біріне өте ұқсас болғандықтан, қытайлықтардың бірнеше буыны бірнеше ғасыр құжатсыз өмір сүріп жатыр...

4. Ресейдің экономикасы тізерлеп, тек ірі қалалар ғана аман қалады. Әл­ем­ге жаңа көзқарастағы есі дұрыс, салауатты орыстар ғана ел қатарына қосылады.

...Кезінде «совет билігіне қарсы» деген лақаппен түрмеге де отырып шыққан Павел Глоба ұстаздық қыз­мет­тен шеттетіліп, ғылыми еңбегін қор­ғай алмай, пеш жағушы болып жұмыс істеген...

Дегенмен, көріпкелдік - соншалықты салмақты, әсте абыройлы шаруа емес. Танымал қазақ журналисі Арман СҚАБЫЛҰЛЫ «Қазақ журналис­теріне қарызбыз» атты жазбасында: «Екеуі де ол кезде әкім еді. Бірі батыс облыстардың бірі – балшықтан аршып жатса, екіншісі – оңтүстіктегі Шымкенттің шырайын келтіруге күш салып жатқан болатын...

...Мені таң қалдырғаны Бердібек (Сапарбаев Қ.Ғ.) ағамыздың амандықтан соң айтқан сөзі болды.

– Мен қазақ журналистеріне қарыздармын, – деді ол, – Экономика министрлігінде қарапайым қызметкер болып жүргенімде бір күні “Хабар” журналистеріне қазақша сұхбат беретін адам табылмай, басшылар амалсыз мені ұсыныпты. Шама шарқынша сөйлеп бердім. Сол күні-ақ мемлекет басшысының көзіне түскен болуым керек. Көп ұзамай қызметім де өрлей берді…

…Атырау сапарында да дәл солай. Алматыда Атырау облысының көрмесін түсіріп жатыр едік, экспонаттарды аралап жүрген Имекеңді (Тасмағамбетов. Қ.Ғ.) көзіміз шалып қалды.

 –  Мен қазақ журналистеріне қарызбын. Еңбегімді ең алғаш жалпақ жұртқа жариялаған да солар!

 …Екеуі де аттан түспей келеді. Түспесе екен!» – деп тебіреніпті...

Күн сайын ұлттық теңгесінің құны түсіп, бензинінің бағасы асқаққа шарықтаған елдің тілшісіне тілін тістеп, «көпіркел»-көңілін демдеп-емдеп, «тарландарына» «таң қалудан» басқа не қалды дейсің?!.

Ал, көріпкелдікпен нанын тауып, атағын жайған Павел Глоба қаз­ақ топырағынан көптеген адал дос­тар тауып, бірнеше кітаптар жазып, тележұлдыз болғандығын, өзінің арнайы оқуларын өткізе бастағанын, тіпті, қазақ елінің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгетіндігін мәлімдепті.

Қыза-қыза келгенде атақты көріпкел былай депті: «Казахстан - будет великой страной. Развитой и многонациональной. Центр Евразии, всего континента, находится рядом с Алматы. В перспективе 15-миллионная страна станет мощнейшим государством. Империей. Сегодня Казахстан очень перспективен...» (Әдейі түпнұсқада беріп отырмын. Қ.Ғ.).

...Сөз жоқ, мұсылман үшін көріпкелге сену – үлкен күнә, өйткені, барлық тіршілік, ертеңің мен келешегің – Алла Тағаланың құзырында ғана. Тек, «жақсы сөз – жарым ырыс» деген ата сөзіне сүйеніп, өз ойымызды түйіндеуге тырыстық...

...Қазақстаннан бармақтай бағын тапқан бір пенде - Павел Глоба өзінің сүйікті оқымыстысы, немістің классикалық пәлсапасының атасы Иммануил КАНТ-тың: «Звездное небо над нами и нравственный закон внутри нас» – деген қанатты сөздерін қайталап жатқанда, Астанаға батыр халықтың басшысы, Украина Президенті Петр Порошенко келді...

Бұл – кездейсоқ­тық емес-ау...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632