Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4289 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 12:31

«АДАСҚАНДАР» ТЕЛЕХИКАЯСЫ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР

Қазан айының 13-шінде атышулы «Адасқандар» фильмінің түсірілімінде болған едік. Фильмнің режисері мәскеулік маман Шота Гамисония. Басты рөлдерде Алтынай Жолдыбаева мен Мұрат Жұмабаев.  Фильмнің түпкі мағынасы мен мақсаты, түсірілім барысы туралы «31» арнаның атқарушы продюсері Әсел Тоянова баяндап берді. Бұл «31» арна мен мемлекеттің бірлескен жобасы. Филімнің қысқаша мазмұны мынадай.

Уақыт порталы іске қосылып, қазіргі заманда өмір сүріп жатқан бірнеше қазақстандықтар  бес жүз жыл бұрынғы Қазақ хандығына өтіп кетеді. Кейіпкерлер өз өмірлеріне үйреніп қалғандықтан, ол жерден қашып шығу үшін талай әрекеттенеді. 

Белгілі физик, физика-математика ғылымының докторы Талас Серкебаев уақыт порталын жүзеге асыру үшін бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Портал Аралдағы Қарақұм деген жерде болады. Талас сол жерде арнайы аппараттың көмегімен зерттеу жүргізеді.

Түн болады. Ғылыми зерттеу жұмыстары кезінде Таласқа танымал әнші Айдана (Алтынай Жолдыбаева) және оның продюсері Әлішер, оққағары Мұхит кездеседі. Олар Айдананың бейнебаянын түсіреміз деп адасып кетеді.

Айтпақшы, келген қонақтар Таласқа кедергі келтіреді. Айдана және оның қасындағылары үйіне қайта оралуға оқталғанымен, олардың машинасы құмға батып қалады. Мұхит газды қатты басып іске қосуды көздейді.

Осы уақытта Таластың аппараты терең жер астынан пайда болған тербілісті өзіне қабылдап алады. Талас Мұхитқа газды басуын тоқтатуды сұрайды. Әйтпесе машинаның қозғалтқышы жер астындағы қозғалысқа әсер ету мүмкін деген болжам айтады. Алайда, Мұхит оны естімейді, тіпті тыңдамайды да. Одан сайын газды басады. Таластың айтқаны болып, машинаның қозғалтқышы әсер етіп, жер астынан шұңқыр пайда болады. Сөйтіп, ол шұңқыр Айдананың командасы және Таластың аппаратымен бірге өзге заманға өткізіп жібереді. 

Гүлден Әбдібақыт

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636