Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Уақ-түйек... 2791 0 пікір 12 Қараша, 2015 сағат 03:00

«Солтүстік-Шығыс» мөлтекауданындағы 4000 үйдің барлығы да табиғи газбен қамтылады

«Солтүстік-Шығыс» мөлтекауданындағы 4000 үйдің барлығы да табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының бас жоспарына сай қала аумағы кеңейіп келеді. Осыған орай шаһардағы коммуналдық мәселе де көбейе түсуде. Әкімшілік тарапынан бұл олқылықтардың орынын толтыру үшін істелініп жатқан тірліктер де аз емес. 
Бүгінде «Солтүстік-Батыс» шағын ауданының 4 мыңға жуық тұрғын үй алабына газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып келеді. Жуық арада Абай аудан әкімдігінің жауапты мамандары Солтүстік-батыс шағын ауданының тұрғындарын қыс көзі қыраудан қысылмай шығаруға уәде етті.  Айта кетерлігі, осыдан үш жыл бұрын аумаққа көгілдір отын жүргізу ісі қолға алынған болатын. Бірақ, мердігерлердің немқұрайдылығы салдарынан жұмыс шатқаяқтап кеткен. 
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы қала әкімі болып тағайындалған күннен бстап, Шымкент қаласының көгілдір отынмен қамтылмаған аудандарына газ құбырларын тарту туралы тапсырма берген болатын. Әрі мұны өз қадағалауына алатындығын қатаң ескерткен еді. Шаһар басшысының назарындағы бұл түйіткілді мәселе жуық арада оң шешімін тауып, аталған аудан көшелеріндегі тұрғын үйлер көгілдір отынмен толық қамтамасыз етілмек. 
Газ құбырларын тарту туралы  конкурста «Алаш Оңтүстік»  компаниясы 601 млн теңге көлеміндегі қаржыны ұтып алған.  Алайда, өз жұмыстарын дұрыс жолға қоя білмеген. Салдарынан осы шағын аудан тұрғындары жылусыз қалып қойған.  Жоспар бойынша бұл шағын ауданға көгілдір отын 2013 жылы желтоқсанда берілуі тиіс еді. 2600-ге жуық тұтынушыға газ беруге міндеттелгендер құбыр тартуды аяқтап, қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырған. 
Ал ол мамандар балансына алған жүйені қараусыз қалдырыпты. Жылусыз отырған тұрғындар жүйедегі ақауларды анықтауға мердігерлерге талап қоя бастаған. Нәтижесінде, жұмыстарын ширата түскен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы бірнеше күн ішінде  сығымдау жұмыстары қолға алыныпты. 

Құрметті қала тұрғындары! Тұрғын үйлерді жылуға қосу туралы сұрақтарыңыз болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады:
Абай ауданы - 21-46-94
Еңбекші ауданы - 51-79-33
Әл-Фараби ауданы - 54-58-46
Қаратау ауданы - 42-10-21  

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2092
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2506
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2173
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617