Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
46 - сөз 7013 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 10:24

АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ

Абайды түсініп, Абайға тұшынып болмағанымды ішім сезеді; оның рухын әбден түсініп, оған құмарым қанып, тұшынып болған күні мен өлең жазуды, мүлде, қоятын шығармын.

Алашқа Абайдан кейін жаңа, соны бірдеңе айтам деудің өзі асылық болады. Ол бәрін айтып кеткен. Біз, әлімізге қарамай, өзімізше айтсақ деп жүрміз... Түк айта алмағаныма көзім жеткен сайын жазып жүргенімді сезе бастадым. Осы менікі не әуре? Ақындықтың осынша киелі, осыншама қасиетті екенін білгенде қолыма қалам алмас едім! Енді бәрі — кеш. Дүниеге қайта айналып келсем, енді қаламсап пен ала қағаздың маңайына жоламас едім! Өмірім өзегімді талдырар өкінішпен өтіп барады. Қара таныған күні Абайды оқу керек еді. Біз оны оқымай, басқа біреулерді оқып, өлең жазып кеттік... «Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден» депті Ол. Мені, мен сияқтыларды айтып тұр! Адам баласы бір-бірінен Алланың хикметі Махаббат, Ғаділет Сезімді анығырақ сезбекпен артылады! (Абай "Қырық бесінші қарасөз").

Біз немізбен артылмақпыз?!

Серік Ақсұңқар

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1670
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1615
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1285