Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4395 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 10:39

КОМПАРТИЯҒА МҮШЕ БОЛМАҚПЫН

"Нұр Отан" партиясына емес, Компартияға өтуге шешім қабылдадым. Компартияның жақтасы болсам рахат, ештеңеге бас қатырмаймын.

Арқалықтың көшелерінің 70 пайызы Советская, Ленин, Космонавт, Крупская сияқты коммунисттік атаулар. Тіпті Ленин бабамның 2 ескерткіші бар. Қостанай облысы бойынша қаншама атаулар әлі коммунисттердің атында. Әлі ауыстырған жоқ, ауыстыруды бастаса да ауыстырмаңдар деп байбалам салмаймын. 24 жылда 24 көшені әрең ауыстырғанда 24 мың көшенің атын мен өлгенше ауыстырып бітпейді, өмірден коммунист болып тыныш өтемін деген сөз. Облыс, қала, аудан әкімдері де "Нұр Отанның" емес, мен жақтайтын Компартияның өкілдері сияқты. "Тәуелсіз елдің Нұр партиясынан сайланған әкім болса неге ендеше коммунистік атаулардан құтылмайды? Неге орыс тілін сүйеді? Неге тәуелсіз ел Қазақстанның тілін құрметтемейді?. "Нұр Отанға" мансап үшін мүше болып жүрген Компартияның жақтастары деп ойлаймын, ол әкімдерді! Бұл "Нұр Отанның" қатарындағы адамдардың бәрі ол партияға адал емес, тең жартысы біздің партияның адамдары деген сөз. Қайтемін қазағым, ұлтым деп бас қатырып, көшеге Батырдың есімін бер ескерткішін қой деп зарлап. Бәрі бір коммунизмді жақтайтын әкім қазақтың батырына көше бермейді. Одан да тып-тыныш компартияның қатарында жүргенім жақсы, қөше аты да біздікі,қала аты да біздікі. Сендер де мүше болыңдар, "Нұр Отаннан" Компартия ықпалды екен.

Дәулет Серікбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1666
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1612
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1345
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1281