Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Билік 4919 0 пікір 18 Қараша, 2015 сағат 11:34

ОҚО: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2015 жылдың 25-26 қарашасында 1-Оңтүстік Қазақстан облыстық AgroProm Shymkent 2015 Тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы халықаралық көрмесін өткізеді, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газеті.

AgroProm Shymkent 2015 көрмесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, ОҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан фермерлері мен құс өсірушілер одағының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты шетелдік инвестицияларды тікелей тарту, республика кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін кеңейту, отандық кәсіпкерлердің шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынастарын орнату және ұлғайту және отандық тағам өнеркәсібінің экономикалық дамуына қабілеттендіру болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға көрмедегі жабдықталған 9 ш.м. алаңды тегін ұсынады.

Көрменің негізгі бөлімдері: AGRO – ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы, жылыжайлар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бағбаншылық; FOOD – азық-түлік, сусындар, жабдық және қаптама жәнеHORECA – ас үй және сауда жабдығы және сауданы автоматтандыру.

AgroProm Shymkent көрмесін өткізуге орын кездейсоқ таңдалған жоқ: Оңтүстік Қазақстан облысы республикада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің үлестік өнімінің көлемі бойынша көшбасшы орынды алып отыр. Республика өндірісінің жалпы көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне мақтаның 100% өндірісі, 71% жүзім, 66% бақша дақылдары, 51% мақсыр, 42% жемістер мен 25% көкөніс келіп отыр.

Осыған байланысты, азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру, сұраныс пен ұсыныс артып отыр. Соңғы 3 жыл ішінде ет және ет өнімдерін өндіру – 14,8%, сүт өнімдері – 13,9%, нан және ұн өнімдері – 13,4% , сусындар – 26,8 %-ға артты. Аймақ азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытудың жоғары деңгейін көрсетті. Азық-түлік және сусындарды өндірудің республикалық өндірісі бойынша аймақтың үлесіне 12,7% -дан келіп отыр.

Ауыл шаруашылығы жне сәйкес секторлардың даму болашағына байланысты аймақта және онымен шектесіп орналасқан Өзбекстан және Қырғызстан арқылы AgroProm Shymkent көрмесі облыстың экономикалық дамуының жыл сайынғы мәнді оқиғасы болады.

Көрмеге қатысуға қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар – агроөнеркәсіп кешеніне арналған жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілер; мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, азық-түлік және сусындарды өндірушілер; сауда жабдығын, ыдыс пен қаптама өндірушілер шақырылады.

Көрмеге қатысу және әріптестік туралы қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (727) 2583434, 2583447; e-mail:alena@iteca.kzraushan.massimova@iteca.kz.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар