Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3108 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 08:44

ФУТБОЛ ФОРУМЫ ЕРЛАН ҚОЖАҒАПАНОВТЫ ҚОЛДАДЫ

Астанада 21 қарашада республикалық футбол форумы өтті.

Соңғы уақытта Қазақстан футболы федерациясының жетекшісі Ерлан Қожағапанов пен оны сынап мәлімдеме жасаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев арасында өрбіген даулы мәселе қоғамның назарына ілінген еді.

Бірақ, Ерлан Қожағапанов «федерация төңірегінде дау жоқ, талқылау ғана бар» деп санайды. Оның сөзінше, форумға қатысудан бас тартқан Айсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі «футболды дамыту тақырыбына назарды күшейткен». 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі марқұм Рахат Әлиевтің ұлы - 25 жастағы Айсұлтан Назарбаев бұған дейін Facebook парақшасында бұл форумға қатыспайтынын жазған.

ҚФФ президенті қызметін «Астана» футбол клубы кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры лауазымымен қатар атқарып жүрген Ерлан Қожағапановты «мүдделер қайшылығына» қатысты айыптаған Айсұлтан Назарбаев қыркүйек айында футбол саласын басқаратын шенеунік ретінде өз кандидатурасын ұсынған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2049
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2479
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2066
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599