Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
46 - сөз 5591 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 09:07

ОЛЖАС ТА "ОТТАЙДЫ" ЕКЕН...

Олжас Сүлейменовты қорғап, арашалайтындардың бірі мен едім. Қазаққа сіңірген еңбегі үшін Олжас ағаның атына шаң жұқтырмайтынмын. Алашты әлемге кез келген қазақтан артық танытқаны үшін Олжасқа қарсы сөз айтқан кісімен қызылкеңірдек болып дауласатынмын. Поэзиядағы ерекше үні үшін, бөлек қолтаңбасы үшін, ғаламат өлеңдері үшін ерекше құрметтейтінмін.

Қазақтың тарихын көпшіліктен артық білетін қайраткер ақынға Ресейді "ұлы мемлекет" деу, "Қазақстанға толық тәуелсіздік - үлкен қатер" деп айтуы жұмсартып айтқанда жараспайды, жараспады.

Күннен күнге көңіл анадан да, мынадан да қалып барады. Жүрегіңде сыйлайтын тұлғалар азайған сайын, елдің болашағына да алаң күшейеді екен. Бірін бірі сатып, түрмеге жауып жатқан жүйенің төл "перзенттерінің" түрі анау.

Елге жөн сөз, батыл сөз айтуы тиіс, елге қамқор болуға парыздар осындай алып тұлғаларымыз аласарған сайын ұлт болып қала аламыз ба, жоқ па деген күдік те құлағын қылтитып қояды.

Өйткені Қазақстанды сатып жіберуге дайын әлгіндей "перзенттерге" тоқтау айтса, осы Олжекең айтар еді. Себебі, Олжасты бүкіл қазақ біледі әлі де жақсы көреді. Жүйенің перзенттеріне қоғам ішінде авторитет қалмағаны керек. Қазақтың сенетін адамы қалмағаны қажет оларға.

Назаланасың. Ана жақта қазақтың жаулары кеңкілдеп күліп отырғанын елестетесің де, қорланасың. Сол сөздерді Олжас неге айтады деп ашуланасың.

Олжекеңнің Азаттыққа берген сұхбатын тыңдап отырғанда көз алдымда ең биік тауым құлады, жүрегім айныды, аңқылдақ, сенгіш бала қазақты аядым.

Біз сенен бұрын оны білгенбіз деп айтатындарыңызды білемін. Мен де естіп-көріп жүрмін. Бірақ мен Олжасты ешқандай қателікке қимайтынмын. Амал қанша, Олжас та оттайды екен деп өзіме өзім әрең айтып отырмын. Өкінішті.

Олжас Сүлейменов.

КОЧЕВНИК

Я отправился в дальний путь,
я запомнил такой закон:
если хочешь – счастливым будь,
только прежде стань стариком.

Хорошо под луной старику
и под солнцем ему хорошо –
похохочет в глаза врагу
и согнёт он его в дугу,
и сотрёт его в порошок.

(В каждом доме ждёт меня чай,
одеяло и тёплый хлеб,
и объятия невзначай,
если муж глуховат и слеп.
Каждый рад мне руку пожать
и спросить о здоровье коня,
мне бы так людей уважать,
как они уважают меня).

И качается долгий путь.
(И шатает меня закон:
– Если вспомнил кого-нибудь,
Запечалился вдруг о ком, –
бей в свой правый висок
кулаком,
бей в свой белый висок
кулаком.
Бей великим ножом
в свою грудь.
Упади,
умереть не забудь).

Ақберен Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2044
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595