Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3550 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:33

Марта Брилл Олкотт: «АҚШ пен Ресей арасында Орталық Азияға ықпал ету үшін қыруар шайқас жүріп жатыр деген әңгімелерді естігенде менің күлкім келеді»

Карнеги қорының жетекші ғылыми қызметкері, Орталық Азия бойынша ең үздік мамандардың бірі Марта Брилл Олкотт ВРС радиостансасына берген сұхбатында «АҚШ пен Ресей арасында Орталық Азияға ықпал ету үшін қыруар шайқас жүріп жатыр деген әңгімелерді естігенде менің күлкім келеді», - деп мәлімдеді.
АҚШ-тың Орталық Азия аймағына деген қызығушылығының бүгінгі деңгейіне баға бере отырып Олкотт ханым: «Американ тарабы, сөсіз, Орталық Азияға қызығушылық білдіріп отыр, алайда бұрынғыдай «ынтық» емес. Ол үшін қазір ең басты тақырып Ауғанстандағы жағдай. Сондықтан Обаманың әкімшілігі осы елді өзінің сыртқы саясатының нөмірі бірінші басымдығы етіп отыр. Осы себепті де, бүгін АҚШ Орталық Азияда болып жатқан кез-келген оқиғаға дәл осы Ауғанстан мәселесі арқылы қарап отыр деп айтуға болады» - деді.
«Бұндай жағдайды келесі себептермен түсіндіруге болады. Егер соңғы кезге дейін Ауғанстандағы, әсіресе Пәкістандағы ахуал, Орталық Азиядан гөрі түсінікті және болжауға келетін болса, қазіргі жағдай күрт өзгеріп кетті. Дәл осы Орталық Азия елдеріндегі жағдай Пәкістанға қарағанда біршама тұрақты. Жалпы алғанда, АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің сіздің аймаққа қатысты саясаты туралы айтатын болсақ, онда оның әлі де болса өзінің басымдықтарын айқындап ала алмай жатқаны түсінікті болады», - деді сарапшы. 

«Дегенмен, ескерте кету керек, бүгінгі әкімшіліктің ішінде жоғары лауазымды қызметтерде осыған дейін әр түрлі президенттердердің кезінде жауапты міндет атқарған, Орталық Азиядағы саясаттың қандай болуы керектігінен хабары мол және қалыптасқан көзқарастары бар адамдар отыр. Сондықтан олардың сөздері мен істері нақты жағдайға әбден әсер етуі мүмкін. Өз басым АҚШ-тың Орта Азияға деген саясаты біркелкі болмайды деп ойлаймын», - деп қорытты М.Б.Олкотт. 
Журналистердің Орталық Азия аймағы үшін жүріп жатқан АҚШ пен Ресей арасындағы орасан зор тайталас туралы сұрағына, Марта Олкотт былай жауап берді: «Өз басым ешқандай тайталасты байқап отырған жоқпын. Керек десеңіз, АҚШ пен Ресей арасында Орталық Азияға ықпал ету үшін қыруар шайқас жүріп жатыр деген әңгімелерді естігенде менің күлкім келеді. Бұл екеуінсіз де сіздің аймақта мықты ойыншы бар. Ол – Қытай. Бүгін дәл осы Қытайдың ықпалы күн санап артып келеді. Айта кету керек, бұндай жағдай Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты баяу, салқынқанды саясатын, ал Ресей болса тым белсенді саясатын жүргізіп жатқан кезде қалыптасуда. Бұны парадокс деп атауға әбден болады».
Орталық Азия мемлекеттері үшін қандай державамен қарым-қатынас орнатқаны тиімді деген сұраққа Олкотт ханым: «Бұл жерде мынаны ескеру керек. Сіздердің мемлекеттердің Ресеймен көп ұқсастығы бар. Бұл ортақ мәдениетке, ортақ даму жолдарына да қатысты. Сондықтан алдағы 10-15 жыл ескі қарым-қатынастар мен үрдістердің аясында өтетін шығар. Бүгін мынадай тұжырым жасауға болады: Америка мен Еуроодақ өздерінің Орталық Азиядағы орнын таба алмай жатса, Ресей өзінің ықпалын жоғалтуда. Ресей Орталық Азияны жаңадан «жаулап алудың» тиімді жолын таба алмай келеді. Бұның да өз себептері бар. Ресей кейбір Батыс елдері не болмаса Қытай сияқты экономикалық тұрғыдан алғанды керемет мықты ел емес, сондықтан да өзінің аймақтағы ықпалын экономикалық тұрғыдан алғанда бекіте алатындай мүмкіндігі жоқ», - деп жауап қатты.
Сөздерін қорыта келе Олкотт ханым: «Сайып келгенде, біреуге ұнасын не ұнамасын, сіздің аймақтағы Қытай рөлінің артатыны анық. Ал егер Ресей мен АҚШ-қа келетін болсақ, бұл жерде барлығы да олардың өздеріне ғана байланысты», - деді.

Айдос Сарым, «Абай-информ»

0 пікір