Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3861 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 14:45

ЕРЛАН САҒАДИЕВ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Қазақстан инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев қызметінен кетті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Nur.kz хабарлады.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қ.).

2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстанның премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. 2014 жылдың тамыз айында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 Сағдиевтің не себептен қызметінен кеткені туралы ақпарат берілмеген. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір