Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 4427 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 18:17

А.МҰХАМЕДИҰЛЫ: «МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

 «Мәңгілік ел» тәрізді мақсаты айқын ұлттық идеямыздың болғанын мақтан тұту керек. Бұл – жалпықазақстандық идея. BNews.kz порталының студиясында «Мәңгілік Ел» – ХХІ ғасырдағы Қазақстанның мызғымас идеялық тұғыры» тақырыбында өткен онлайн конференция барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.

 «Қазір Қазақстан әлемді аузына қаратып отыр. Олай дейтініміз, елімізді әлем жұртшылығы ауқатты, қарқынды дамушы ел ретінде тануда. Осы орайда ұлттық бірлік идеясының маңызы зор. Ол – біздің мақтанышымыз, біздің брендіміз. Түрлі конфессиялық бағыттарды ұстана отырып, 130-дан аса ұлттың басын ортақ мақсатпен бір шаңырақ астына біріктіру көптің қолынан келе бермейтін бірегей жетістік. Осыған қатысты сырт көздердің таңданысын байқап, бойымызды іштей мақтаныш сезімі билейді», - дейді Мәдениет және спорт министрі. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, «Мәңгілік ел» - ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімнің жемісі. 

«Сондай-ақ осы идея аясында жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастырып жатқанымызды айта кеткен жөн.Әрине, әр қолға күрек табылып, әркім өз еңбегін, өзгенің еңбегін бағалап жатса, бұл қоғамымызды одан бетер біріктіре түседі. Екіншіден, «Мәңгілік ел» идеясы патриоттық рухты асқақтата түседі және бұл істің басы қасында тұңғыш рет Қазақстанда құрылған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы тұр», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, елімізде қолға алынған серпінді жобалардың бәрі болашаққа бағытталған. Соның арқасында Қазақстанды болашағына нық сеніммен қарайтын ел деп айтуға болады. 

«Сондықтан еліміздің әл-ауқаты ешқашан сарқылмасын деп тілеймін. Және Елбасымыздың да, Үкіметіміздің де атқарып жатқан ауқымды жұмыстары осы мақсатқа бағытталған. Мақсаты айқын мемлекеттің іргесін қалаған Елбасымызға зор алғыс айтамын», - деді А.Мұхамедиұлы.

Bnews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1534
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1401
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1150
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1161