Жұма, 10 Мамыр 2024
Қоғам 5098 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 10:52

ӘНҰРАНДЫ АУДАРУ – ҚАЗАҚТЫ КЕЛЕКЕЛЕУ!


Алдыңғы күннің кешесінде (осыдан үш күн бұрын ғой) Ақтаң СҮЙІНІШӘЛІИН деген ресейлік қазақ еліміздің Әнұранын орыс тіліне аударып, «айды аспанға» шығарды. «Мен мәскеулік достарыма біздің Әнұранымыздың әдемілігін өздеріне өте-өте түсінікті тілде көрсеткім келді, - дейді ол ақпарат құралдарының өкілдеріне айтқан бір ауыз әңгімесінде, - ал әнұранды аудару идеясы менің бір досымның «Астана күні мерекесінде айрықша флешмоб ұйымдастырып, қазақстандықтармен бірге Әнұраннан басталған бастама бойынша басқа да бірнеше әнді бірнеше тілде орындайық» дегенінен шығып кетті. Осыдан кейін мен интернет кеңістігінен ары-бері іздестіріп көріп едім, біздің Әнұранымыздың басқа тілдерге, оның ішінде орыс тіліне аударылған нұсқасы жоқ болып шықты. Содан мен осы кемшіліктің орнын толтырмақ болып, Әнұранды орысшаға аудардым. «Сырт көзбен қарағанда қалай естіледі екен?» деген оймен аудармасы жасалған Әнұранды видеоға түсірдім. Менің ойымша, мұнда тұрған өрескел ештеңе жоқ сияқты...»

 Міне, АҚТАҢ деген азамат осылай дейді. Ал біздің тілімізде мұны – «атың шықпаса – жер өрте» дейді. Ал енді анығына келетін болсақ, Михаил Кленчин деген заңгердің айтуына қарағанда, еліміздің бірінші нөмірлі әнін басқа тілге аудару арқылы Ақтан Сүйінішәлин қазақ елінің қолданыстағы заңын өрескел бұзып отыр. «Енді осы дұрыс па?» деген дүдәмал мәселеге келейік. Заңгер айтып отыр – «заң бұзылып отыр» деп. Демек, заңды бұзып отырған мәскеулік қазақ сөз жоқ, кодексте көрсетілген тармақтар бойынша жазасын алуға тиіс. Басқасы басқа, бүтіндей бір егемен елдің Әнұранын өзге тілге аударып, мерекелерде шырқалатын рок, рэп сияқты «заманауи жынды билердің» қатарында секеңдетіп қою, шынын айтқанда, таза келекелеу болып саналады. Бұған басқадай сөз жоқ. Сүйінішәлин, естуімізше, алдағы уақытта орысшамен ғана тоқтап қалмай, қазақ елінің Әнұранын ағылшын және қытай тілдеріне де аудармақшы. Қуана қоятындай жағдай емес бұл, өйткені қазақ елінде «емен-жарқын, тау-тәтті» өмір сүріп жатқан жүз қырыққа тарта ұлттың әрқайсысы өз тіліне аударып алып, нәтижесінде Әнұранымыз мереке сайын жүз қырыққа тарта тілде шырқалып жатса, не болады сонда? Ештеңе де болмайды, тап-таза қойыртпақ болады онда. Негізі, әр елдің Әнұраны сол елдің тек Мемлекеттік тілінде ғана шырқалады – әлемдік практикада солай қалыптасқан.

«Кеше 28 батыр... бүгін Әнұран, ал ертең... ал ертеңді ойлаудың өзі тіпті қорқынышты... қазақты келекелеу осылайша жалғаса беретін болса!

Марат МАДАЛИМОВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1916
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2022
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515