Сенбі, 11 Мамыр 2024
Ұждан 4700 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 11:26

ШІРКЕУ БАХЫТ СЫЗДЫКОВАНЫ ҚУЫП ШЫҚТЫ

 «Еркектер екі қатын алса, біз де екі байға тиуіміз керек», - деп екіленген экс-депутат Бахыт Сыздыкованы Ресейдің бір қаласындағы шіркеу қызметкері тырқыратып қуып шығыпты. Шіркеуден қуылғаны туралы басқа емес, Бахыттың өзі айтып отыр.

«Мен жуырда Ресейде болдым. Ресейдегі православ храмы мені қуып шықты. Сондағы айтақаны: «Сен шоқынбағансың, сондықтан тайып тұр бұл арадан» болды. Қасымда православтық құрбым бар еді, сол құрбым араға түсіп, шіркеу қызметкеріне: «Бізде Қазақстанда кез-келген адам – ол мұсылман, иа, буддашыл, иа, католик болсын – шіркеуге кіре береді. Мен православпын, әйтсе де, мешітке еш қиындықсыз бас сұғамын», - деді. Осыдан кейін барып шіркеу қызметкерімен арамыздағы әңгімеміз ептеп жөнге келіп, ол менің «Отче наш»-ты жатқа айтатынымды, Ерусалимге діни парызымды өтеуге барғанымды, Құдай ұлының қабірінің басында болғанымды білді. Содан соң аздап жылып, мені храмға кіргізді. Алайда айтты: «Шоқынбаған, сен шыққан соң бәрібір артыңды тазалаймын», -деп. Расында, мен шіркеуден шыққан бетте ол қасиетті суды шашып, шіркеудің ішін тазалай бастады».

Бұл – «ораза тұттым» деп таяуда орыс тілді сайттарға сұхбат берген Бахыт Сыздыкованың сөзі. Бахыт Қазақстанда туғанына өзін өте бақытты сезінеді.

«Бізде әлгіндей істің болуы мүмкін емес. Мен әртүрлі дін өкілдері бір-бірін сыйлап тұратын көпконфессионалды Қазақстанда туғаныма мақтанамын», - дейді ол.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2037
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1704
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1520