Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3041 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 11:53

ЭКС-ПРЕМЬЕРДІҢ ІСІ СОТҚА ТАПСЫРЫЛДЫ

Экс-премьер-министр Серік Ахметовке, облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігі мен коммерциялық ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс материалдарын тексеру аяқталды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлап отыр.  

Прокуратура хабарламасында, экс-премьермен бірге 21 адамға қызмет бабын асыра пайдаланған, бюджет қаражатын ұрлаған және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан деген айыптар  тағылған.

Бұл іс бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 19 қарашада мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес істері жөніндегі агенттік Серік Ахметовты үйқамаққа алған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1884
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1942
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1632
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1488