Жұма, 10 Мамыр 2024
Не дейді?! 5206 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 12:34

МИТТАЛДАН ҚҰТЫЛУЫМЫЗ МҮМКІН!


Атақты миллиардер МИТТАЛдың «басына бұлт» үйіріле бастағанға ұқсайды. Осындай ақпарат пайда болды – бүгін ғана. ҚазТАГ-қа Лондондағы дерек көзі мәлімдегендей, Лакшми МИТТАЛ өзінің Қазақ еліндегі, Украинадағы және Оңтүстік Африкадағы активтерін сатуы мүмкін. Қазіргі қалыптасқан жағдай осыған келе жатыр. «Жаһандық рыноктегі өнімдер бағаларының күрт түсіп кетуі Лакшми Миттал мен оның империясының аса қиын жағдайда қалуына себеп болып отыр, - дейді аталмыш дерек көзі, - өйткені өткен жылдың қазанынан биылғы жылдың маусымына дейінгі аралықта Миттал компаниясы акцияларының бағасы 60 пайызға дейін түсіп кетті. Сонымен бірге айналымдағы ақшаны толықтыру үшін алынуға тиісті несие процедуралары да күрт күрделеніп кеткен. Мысалы, мұндай несие мәселесі қазақ елінің Теміртауындағы, Украинаның Кривой Рогіндегі және Оңтүстік Африканың шығысындағы бірқатар кәсіпорындарымыз үшін аса қажет. Бірақ осылардың ішіндегі ең-ең проблемалы кәсіпорын – Теміртаудағы «АрселорМиттал» болып тұр...»

Дерек көзінің қосымша мәлімдеуіне қарағанда, Митталдан компаниясының аталмыш кәсіпорындарындағы активтерін жедел сатуды оның келіншегі Уша мен ұлы Адитья талап етіп отырған көрінеді. Қысқасы, оншақты жылдан бері қазақ елінің темірі мен көмірін де, теміршілері мен көміршілерін де әбден әуре-сарсаңға салып келе жатқан миллиардер МИТТАЛдан қазақстандықтардың құтылатын күні де жақындап қалған сияқты. Құған біз қуануға тиіспіз бе? Әлбетте қуануға тиіспіз. Сосын... сосын алда-жалда МИТТАЛ мырза жақын арада шынымен де Теміртауындағы «Арселорын» сата қалатындай болса, оны шет елдің тағы бір «Митталы» сатып алмасын дейік. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырау кезеңі емес, Аллаға шүкір, Митталдың «Арселорын» «ауасымен қосып» сатып алуға шамасы жететін қазақ байлары өзімізде де жыртылып-айырылады – қалтасындағы қаржысын қайда жұмсарын білмей жүрген. Тіпті болмаса мемлекетіміз өз меншігіне сатып алсын. Қалай болғанда да, «қаңғыртып жібермеуге» тырысайық та!

Марат МАДАЛИМОВ.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1894
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1958
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1646
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1497