Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3448 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 13:04

ИШИМ-НІҢ ТҰТҚЫНДАРДЫ АЯУСЫЗ ӨЛТІРУ ОҚИҒАЛАРЫ ЖАЛҒАН

ИШИМ тұтқынға алынғандарды шын мәнісінде өлтірмейтіні белгілі болды. Оны "КиберБүркіт" хакерлері қолға түсірген мына бір видеодан анық көруге болады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бүгінге дейін ИШИМ-нің әлемді дүр сілкіндірген бас кесу және қатарынан адамдарды отырғызып қойып, атып өлтіру видеолары арнайы кинопавильонда түсіріліп келіпті. Жендеттің киімін киінген "лаңкес" тұтқынның басын алып жазалағанын интернеттен күнде көріп жүрміз. Мұның барлығы да кәсіби мамандардың жұмысы болып шықты.
"КиберБүркіт" хакерлерінің айтуынша, олар видеоны АҚШ сенаторы Джон Маккейннің жанындағы америкалық саясаткерлердің бірінің компьютерінен ұрлаған. Хакерлер саясаткердің селқостығын мазақ етіп, екінші рет шетелдерге шыққанда құпия құжаттарын алып жүрмеуге кеңес беріп отыр.
Айта кету керек, 2014 жылдың тамызынан бастап ИШИМ лаңкестері заңға бағынбағандар мен тұтқындарды жазалап, видеосын ғаламторға салуды әдетке айналдырған болатын. Бұл видеолардың барлығының сапасы өте жоғары екенін байқаған сарапшылар әуелден-ақ мұның арнайы қойылым екенін айтып, күдіктенген болатын. Енді, міне күдіктерінің рас екендігіне көз жеткізіп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1918
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1611
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1476