Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4021 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 15:38

«ИШИМ» АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫТҚЫЗБАЙДЫ

Барша мұсылмандар қасиетті рамазан айы біткен соң, айт мерекесін таңғы айт намазын оқып қуанышпен күтіп алады. Алайда, «ИШИМ» айт намазы ислам шариғатында жоқ, деген көзқараспен өзінің үстемдігін орнатқан Мосул қаласында айт намазын оқуға тыйым салған. Бұл туралы e-islam.kz сайты хабарлады.

Мосулдағы «ИШИР» содыры және Күрдістан демократиялық партиясының мүшесі Исмат Ражаб: «Айт намазы Мұхамед пайғамбар дәуірінде тәжірибе ретінде ғана оқылған. Алайда, сүннет болып бекітілген емес. Сондықтан жергілікті халық айт намазын әдеттегідей оқуларына тыйым саламыз» деген.

«ИШИМ» қол астындағы елді мекендер осындай шариғисымақ үкімдерге бойсұнуға мәжбүр. Атап айтар болсақ, «ИШИМ»-нің шариғатқа осндай заңдылықтарды енгізуі бүкіләлемдік мұсылмандар ғұламалар кеңесі, Мысыр және Сауд Арабия мүфтилері тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2194
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2582
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2511
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682