Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4611 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 12:31

ЖАЗБА МӘДЕНИЕТІМІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР ШЫҚТЫ

Қазақтың жазба мәдениеті бұрынғы болжамдардан да көне, тамыры тереңге кетеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі директоры Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

"Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар" фильмімен жұмыс істеу барысында түсірілім тобы Арменияда болды, кинолентаның басым бөлігі сол жақта түсірілді. Біз ол жақтың жергілікті кітапханаларынан жазба дереккөздерін таптық, олардың жазбасы армян графикасымен көне қышпақ тілінде жазылған. Жазбаларды зерттеп, біз олардың XIV ғасырдан бұрын пайда болған деген тұжырымға келдік. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды", - деген директор ханым.

Райымқұлова айтқандай, жазба мәдениетіміз жаңадан құрылған емес, баспасы көне халық болып есептеледі. Оның ойын "Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар" фильмінің режиссері Бақыт Қайырбеков те құптайды. 

"Қыпшақ тілі ғасыр бойы батыс және шығыс мәдениетін таратушы болды. Балқаштан Дунайға дейінгі шексіз далаларда сәтті қатынасу үшін Азияда сапар шегуші еуропалықтарға оны білу міндетті шарт болды", - деді Қайырбеков.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682