Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Міне, көрдің бе? 4712 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 19:00

МӘСКЕУДЕ 160 МЫҢДАЙ АДАМ ОРАЗА АЙТТЫ ТОЙЛАДЫ

Ресей астанасы Мәскеуде 160 мыңға жуық адам мұсылмандардың қасиетті мерекесі Ораза айтты тойлады. BBC-дің жазуынша, бұл туралы Ресейдің ІІД Мәскеу бойынша баспасөз қызметі хабарлаған. Ал, Ресейдің Polit Russia интернет журналы айт намазына жиналған қара нөпір қауымның әуеден түсірілген видеосын жариялады.

Өз кезегінде, Ресей президенті Путин мұсылмандарды Қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Ол мұсылмандардың Ресейдің қоғамдық өміріне белсене қатысып келе жатқанын, қоғамдық теңдік пен бейбітшілікті сақтауда маңызды роль алатынын айтқан.

Ақпаратта көрсетілгендей, мұсылмандардың мерекесінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға 4 мыңнан астам полицейлер, ішкі әскер қызметкерлері мен қырағы топ қадағалау жасаған. Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.

Айт мерекесі байланысымен Мәскеудің кейбір бағыттарындағы қозғалыс шектелген, атап айтқанда: Мәскеудің Күмбезді мешіті ауданы және Үлкен Татар көшесіндегі мешіттерге қатынайтын жолдарда айт намазына жиналған қауым сапқа тұрды.

Биылғы жылы мұсылмандарға мешіт жетіспеушілігінен айт намазын өтеуге Мәскеу билігі бес уақытша орын тағайындапты.

Сондай-ақ, Мәскеу қаласында шілде айының 11-күні басталған Халықаралық Құран фестивалі бүгінге дейін жалғасты. Құран көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен қасиетті жазбаның небір нұсқалары қойылды.

Бір кезде қылышынан қан тамған қызыл империя Совет одағы қол астындағы елдерде Исламның ошағын сөндіріп, құрандарды өртеген, молда-қариларды итжеккенге айдаған еді. Енді міне, 12 миллион тұрғыны бар Мәскеудің айтарлықтай бөлігі биліктің өзінің қамқорлығымен намаз өткізді. Қазақ «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа» дейді. Қатал саясатымен аты шыққан Мәскеудегі билеушілерге де иман ұяласа екен дейміз.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2235
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2588
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2546
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1685