Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 12:04

ҚЫРҒЫЗ ҚАЗАҚТАН ЖЕР СҰРАП ОТЫР

Қырғызстан Қазақстанның 800 метр шекарасын қолдануға беруді сұрайды.

"Бішкек ақшамы" газетінің жазуына қарағанда, 19 шілде күні Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесу барысында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариев  осындай ұсыныс жасаған көрінеді. 

Сариевтің сөзіне сүйенсек, Томкөк қаласының маңындағы Ыстықкөлге апаратын Бішкек-Нарын-Торығарт автожолы Қазақстан аймағы бойымен транзит арқылы өтіп жатыр. Оның ұзындығы 800 метр.

“Біз Бішкектен Ыстықкөлге бағыт алғанда жолдың кей бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтеді. 800 метр көлік жолы шекараны кесіп жатқасын осындай түйінді мәселе пайда болады. Біз өз тарапымыздан аталмыш шекаралық аймақты пайдалануға рұқсат беретін жеке келісімді қабылдауды ұсынамыз. Жақын арада біз ортақ экономикалық одақ құратын боламыз. Егер бұл келісімге қол қойылатын болса, біз бұл жол учаскесін өз қараумызға алуға талпынамыз”, – дейді Сариев.

Абай-ақпарат


 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 383
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 203
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 213