Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 8673 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 15:42

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ЗОР МҮМКІНДІКТЕРДІҢ БАСТАУЫ

 

Үстіміздегі жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) ұйымдастыруымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Елбасының бес институционалды реформасы – «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында кеңейтілген мәжіліс болып өтті.

Университет ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева өз баяндамасында Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаның жалпыжұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген атқа ие болғанын айтты. Бұл – ұлттық жоспардың көкжиегі кең, маңызы орасан  екенін айғақтайды. Қазақ елі күн санап көркейіп, дамып келе жатқаны ақиқат. Елбасының реформасы және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуіндегі тездеткіш катализатор іспетті. Осы жүйелі жос­парда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына баса назар аударылғандығы көп нәрсені көрсетеді деді. Сондай-ақ, дамудың 100 нақты қадамынан құралған Ұлт Жоспары Қазақстанның жаңа тарихи шарттар бойынша дүние жүзінің озық елдерінің қатарына қосылу жоспарына жауап беретіндігін айтты. Аталған жоспардағы жоғары оқу орындарына арналған нақты 7 қадамға жеке-дара тоқталған басшы, Елбасының білім-ғылым, тәрбие саласындағы ойларын ортаға салды.

Алмалы ауданы сотының төрайымы Қайынжамал Сапарқызы Бубаханова өз баяндамасында реформалық жүйелі Ұлт Жоспарпарының, нақты 100 қадамның дамуы мен жүзеге асыруына тоқталып өтті. Жоғары соттың мүмкіндіктері мен жастар әлеуетіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Департамент қызметкері Берік Мырзалыұлы Жүсіпов және университеттің заңгер-құқықтық жұмыстар жөніндегі менеджері Рысқалиев Дәулет Оразғалиұлы баяндама жасап, тақырыпқа байланысты кең көлемде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жиын барысында профессор-педагогтық ұжым мен басшылар қауымы білім, ғылым саласына кеңінен тоқталды. Білім – ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың басты құра­лы болып табы­латындық­тан, университеттердің оқу-әдіс­­темелік жұмысы кешенді түрде дамытылып, білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгі­лерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті ұстаз дайындау жолға қойылатындығы айтылды. 78-қадамда көрсетіл­гендей, «Назарбаев Университет тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың акаде­миялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту мәселесі; Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» мәселелері ұрпақ мүддесі үшін аса құнды екендігі; 79-қадам нақтылағандай, «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі;  Даярланатын кадрлардың бәскелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру мәселесіне қатысты кәсіби көзқарастар білдірілді. Ұлт Жоспарының 87-қада­мын­да айтылған «Азамат­тық біртектілікті нығайтудағы «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу, әрбір азаматқа және шетелдік туриске ел туралы білуге көмек­тесу» жөніндегі жайттар да ортаға салынып, «Шетелдік қонақтармен байланыс жасау­да еліміздің әрбір азаматы Қазақстан туралы өте жағымды әрі нанымды көзқарас қалыптастыру бағытында жұмыс істеуі керек» керек деген ортақ ой айтылды.

 

0 пікір