Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6039 0 пікір 4 Тамыз, 2015 сағат 15:49

АҚШ-та ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ

АҚШ-та "Қазақ хандығына 550 жыл" атты фильмнің тұсаукесері өтеді, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 3-12 тамыз аралығында АҚШ-та ҚР МСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев пен ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері қатысып жатқан IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы өтеді. Сапар барысында Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеті мен Нью-Йорктегі Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді деп жоспарланған.

"Қазақ хандығына 550 жыл" фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл фильмде Керей мен Жәнібек, олардың ұлдары Қасым мен Бұрындық билігі туралы жаңа деректер көрсетіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1330
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126