Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6541 0 пікір 7 Тамыз, 2015 сағат 02:00

БЕЙНЕКАПСУЛА: ТҮТІКШЕ ЖҰТПАЙ ТЕКСЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Оңтүсітк Қазақстан облыстық клиникалық ауруханада   бейнекапсулалық эндоскопияның таныстырылымы өтті. Бұл құрылғының ерекшелiгi сол – асқазан, iшек құрылысын бұрынғыдай медициналық түтiкше – шланг жұтпай-ақ бейнекапсула арқылы толық тексеруден өткiзе алады.

Жалпы, медицинада өңештен бастап тiк iшекке дейiн асқазан құрылысын толық зерттейтiн бұл тәсiл 2001 жылдан бастап жүзеге аса бастаған көрiнедi. Бұған дейiн гастроскопия және колоноскопия әдiстерi арқылы iш құрылысының белгiлi бiр бөлiгiн ғана тексеруден өткiзiп келген.

Ендiгi жерде қолға алынған жаңа әдiстiң мәнiсiне келсек, пациент капсуланы жұтқаннан кейiн оның iшiндегi фотоқұрылғы асқазандағы тамақ жүретiн жолдардың бәрiн суретке түсiрiп сырттағы ресиверге жiберiп отырады. Кәдiмгi дәрумен түрiндегi капсуланы жұту пациентке еш қиындық тудырмайды. Секундына үш сурет түсiретiн бейнекапсула ағзада 11 сағат тексеру-зерттеу жұмыстарын жүргiзе алады. Бұл кезеңде адам күнделiктi тiршiлiгiн iстеп жүре бередi.

Зерттеуден кейiн дәрiгер арнайы бағдарлама арқылы бейнекамерадан түскен мәлiметтердi талдап, асқазандағы көзге көрiне бермейтiн өзгерiстердi анықтап, ем-дом шараларын белгiлейдi.

Жалпы, мұндай капсулдық эндоскопия гастроскопиялық әдiстер анықтай алмайтын iшкi қан кету, онгиостазия, крона секiлдi басқа да қауiптi жағдайлардың алдын алады.

Бұл туралы облыстық клиникалық аурухананың шетелде бiлiктiлiгiн арттырып келген эндоскопист дәрiгерi Еркiн Бақтыбаев (суретте) БАҚ өкiлдерiне жан-жақты түсiндiрiп бердi. Оның айтуынша, дәрiгер зерттеудiң қорытындысын пациенттiң өтiнiшi бойынша DVD дискiге немесе флешкiге түсiрiп бере алады. Ал, ендi осы бейнекапсула көпшiлiкке қолжетiмдi ме деген мәселеге келсек, бiр реттiк қолданыстағы оңтүстiккореялық препараттың бағасы 107 мың теңге тұратын көрiнедi. Оған қызмет көрсету құнын қоссақ, «көпшiлiкке қолжетiмдi» деп айту қиын. Бұл капсула екiншi жағынан медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiнде тiркелген дәрiлердiң тiзiмiнде жоқ. Дегенмен, бұл облысымыздың медицинасындағы елең еткiзер жаңалық. Мамандар алдағы уақытта бейнекапсуланың көп рет қолданылатын түрi шығатынын айтады. Бәлкiм, сол кезде бағасы түсетiн шығар.

Таныстырылым кезiнде осы препарат арқылы тексеруден өткен сайрамдық Дильмира Жаматова денсаулығының көп жақсарып қалғанын айтып, дәрiгерлерге деген алғысын жеткiздi.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2081
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1524