Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5641 0 пікір 7 Тамыз, 2015 сағат 12:16

ӘЛІБИ ІСІ: ЖАМАЛИЕВ 13 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

 Астанадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың шешімі бойынша,  Кәсіпкер Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сонымен бірге, оның мүлкі тәркіленеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz 

Бұл іс бойынша сот процесі 11 маусымда басталған еді.

"Сот Жамалиев Қайратты ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігінің 1, 3-пункттері, 121-бабының 2-бөліміндегі 2-пункті, 194-бабының 4-бөлігінің 2-пункті бойынша қылмыстық заң бұзушылық жасады деп танып, мүлкін тәркілеу арқылы қатаң режимдегі колонияға 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кеседі", - деді үкімді жариялаған сот төрағасы Ербол Рахымбеков.

Соттың шешімі бойынша, Арман Әбілтаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Ал Анатолий Прибытков қатаң режимдегі колонияға 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуінің де мүлкі тәркіленеді.

Жамалиевке қатысты үкім оқылып біткеннен кейін сотталушының туыстарының жылаған дауыстары естілген. Соттың шығарған үкіміне сәйкес, мұнда мәселе сотталушылардың барлық мүлкін тәркілеу туралы болып отыр. Ал сотталушылар бұл үкімге қарсы шағымдана алады. Тілшіміздің сұрағына берген жауабында Жамалиев пен Әбілтаев үкімге шағымданатынын айтқан.

Сотталушылардың туыстары эмоцияларын жасыра алмай, Сот залында шу шығарған. Қайрат Жамалиевтің туыстары мен жақындары сот залында оқиғаны суретке және видеоға түсіріп жатқан тілшілерді қуыпты.

Сотталушыларға үкім шығару ашық түрде өткен. Судья үкімді 50 минут бойы оқыпты.

Ал, Әліби Жұмағұловтың адвокаты Анатолий Утбанов үкім оқылғаннан кейін сот шешімімен келісетінін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2430
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2000
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1582