Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4224 0 пікір 7 Тамыз, 2015 сағат 12:48

МӘЖІЛІС ПЕН СЕНАТ 3 МИЛЛИАРД ҚАРЖЫНЫ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАҒАН

Есеп комитетінің хабарлауынша,  сенат пен мәжіліс  бюджеттің 3 миллиардқа жуық теңгесін заңсыз жұмсап, мемлекетке қыруар шығын келтірген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Есеп комитетінің мәліметінше, облыс, аудан, ауылдарда  миллиардтар игерілмей қалған. Соның кесірінен ондаған мың отбасы баспанасыз қаңғып далада  жүр, ал қаншама ауыл ауыз суға жарымай отыр.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 41 миллиард теңге  заңсыз жұмсалған.  Ал бюджеттің  3 миллиард теңгесі  негізсіз игерілген. Шын мәнінде,   Шығыс Қазақстандағы ауылдар ауыз суға жарымай отыр. Бұл салада да шенеуніктер бюджеттен бөлінген ақшаны мақсатсыз жұмсап, жұртты  шөлдетіп отыр. Әсіресе, Семей, Аягөздегі жағдай мүшкіл. Облыс әкімі бар былыққа жауап бер деп орынбарын жіберіпті. Нұрымбет Сақтағанов ұшты-күйлі жоғалған қазынаның миллиардтары үшін төрт адамды жауапқа тарттық деп құтылған.

“Как вы могли 9,5 миллион теңгені оплатить за невыполненную работу при стройтельстве моста? Работа невыпалнена. Жол істелмеген, ақшаны қалай төлейсіңдер сендер?”, – деп кейіген Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.  “Егер мына мінберге шығып алып, тағы да бетіңіз қызарғанын қаламасаңыз, басты кінәлілерді жұмыстан шығарыңыздар. Ескерту жасадым, жазаладым деген болмайды. Содан кейін бұдан бұлай Есеп комитетінің жиынына дайындалып келіңдер, сұраққа жауап алайық нақты”, – депті Есеп комитетінің төрағасы.

Есеп комитетінің дерегінше, парламенттегі де былық аз емес. Депутаттар қызметтік көліктерімен оңды-солды қыдырып, сонысымен-еқ бюджетке 74 миллион шығын келтіріпті.

Шаруашылық басқармасы сәулет, құрылысқа қажет деп тағы 365 миллион теңгені заңсыз жұмсаған. Ал, мемлекеттік сатып алу бойынша өткен тендрде  кім көрінген жеңіске жетіп, тапсырыс қабылдаған. Осылайша, парламент жалпы бюджеттің 3 миллиардқа жуық теңгесін құрдымға жіберген. Есеп комитеті парламентте жүргізген тексерулерін тек ресми сайтында жариялады. Ешкімді шақырып алып сөкпеді. Бірақ,  қазына қаржысын көзсіз жұмсаған шенеуніктердің тізімін Бас прокуратура мен ақордаға жібереміз деп отыр. Сөйтіп, айыпты атқамінерлерді қатаң жазаламақ.

Сондықтан  жақын күндері аймақтардағы  бюджет ақшасын рәсуа еткен шенеуніктердің соңына құқық қорғаушылар май шам алып түсуі әбден мүмкін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2010
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1582