Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6048 0 пікір 7 Тамыз, 2015 сағат 13:01

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ПРЕСС-ТУР ӨТКІЗЕДІ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры алғаш рет 90 жылдық тарихы бар өнер ордасының көпшілікке беймәлім таңғажайыптарын таныстыру үшін театр ғимаратында БАҚ өкілдері мен блогерлерге арнап пресс-тур өткізеді.

 Пресс-тур мақсаты − Әуезов театрының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында, архитектуралық маңызды нысан саналатын театр ғимаратының, сахнаның құрылымын, үнемі сахна сыртында қызмет атқаратын техникалық бөлімдерді, спектакльге қажетті бұйымдарды жасайтын, тігетін, бояйтын мамандардың жұмысын көпшілікке таныстыру.

 Биыл 90-маусымның шымылдығын ашатын Әуезов театры − қазақ театр өнерінің қара шаңырағы. Бүгінде театрдың мол шығармашылық мұрасын көрермен жатқа біледі. Алайда, театр өнерінің майталмандары пайдаланған бұйымдарды, қазақ сахна өнеріне серпіліс әкелген үздік спектакльдерден қалған жәдігерлерді, сахнаның құрылымын, спектакль дайындауда маңызды рөл атқаратын актерлік құрамнан бөлек арнайы техникалық бөлімдердің қызметімен таныс емес. Сондықтан да, театр ұжымы БАҚ өкілдері мен блогерлерге театр мұражайындағы барлық бағалы экспонаттарды, театр сахнасының құрлымын, сахна сыртындағы костюмдер бөлімі, әрлеу бөлімі, бутафор, механикалық құрал − жабдықтар цехы тағыда басқа бөлімдердің спектакльді сахнаға дайындауға дейінгі атқаратын шығармашылық жұмыстарымен толықтай танысуына мүмкіндік жасап отыр.

 Пресс-тур өтетін уақыт: 14 тамыз , 2015 жыл. Сағат. 11:00-14:00 аралығында.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574