Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3710 0 пікір 19 Тамыз, 2015 сағат 15:01

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ КҮН СУЫТАДЫ

Синоптиктер 2015 жылдың 20-22 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы ыстық ауа-райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысуды бастады.

"Солтүстіктегі теңіз аудандарынан келетін салқын және дымқыл ауа Алдыңғы Азиядан келетін ыстық және құрғақ ауаны ауыстырады. Сондықтан республикамыздың барлық дерлік аумағында жақын арадағы үш тәулікте әр жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын күшті ұйытқыма жел және температураның төмендеуі күтіліп отыр", - деді синоптиктер.

Өткен 18 тамызда, батыс облыстарды алмағанда, Қазақстандағы температураның ауытқуы нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал солтүстік облыстарда 7-12 градусқа жоғары болса, енді 22 тамызда ол нормадан 3-6 градусқа төмен болады екен.

Абай-ақпарат
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1709
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1674
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1400
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1329