Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Даңғыл 3436 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 02:00

БІЛІМ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛЫНА БАСТАЙДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы барша отандастарымыз тарапынан үлкен қолдауға ие болып қана қоймай, қоғамда үлкен серпiлiс туғызып отыр. Бұдан алдыңғы, яғни тәуелсiздiк алған жылдардан бергi дүниеге келген мемлекеттiк бағдарламалар даму мен күрделi мәселелердi шешуге мүмкiндiк берiп келедi. Ал, «100 нақты қадам» мемлекеттi нығайтуға, қиындықтарды шешудiң жолдарын табуға арналған маңызды құжат деп бiлемiн.

Елбасы мiндеттеген «100 нақты қадам» жоспарын бiлiм беру саласының мамандары да қызу қолдайды. Келес өңiрiнде орналасқан Омар Есiмов атындағы №72 жалпы орта мектепте мыңнан астам оқушы бiлiм алады. Түрлi ұлт өкiлдерiнiң балалары оқитын бiлiм ошағы олардың екiншi үйiне айналған. Мектебiмiзде оқушының бүгiнгi заманға лайық бiлiм алуына барлық жағдай жасалынып отыр. Мұғалiмдер бiлiктiлiктерiн арттыру үшiн жыл сайын арнайы оқу орындарына жiберiледi. Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруға ұстаздардың да қосар үлесi зор. Елiмiздiң ертеңi болар жастарға Қазақстанды қарқынды дамыту жолындағы маңызы зор бағдарламалар туралы кеңiнен түсiндiремiз. Белгiленген жүз тапсырмада бiлiмнiң биiк шыңын бағындырудан бөлек, тiл үйрену төңiрегiндегi жүктемелер де бар. Елiмiзде үштұғырлы тiл саясаты да сәтiмен жүзеге асып келедi. Демек, өзiмiздi өркениеттi елдер қатарынан көргiмiз келсе, ағылшын тiлiн үйренуге ұмтылғанымыз жөн.

Мемлекет басшысы ағылшын тiлiн үйретудi мектеп жасындағы балалардан бастау керек дедi. Оған баулудағы мақсат болашақ кадрлардың қабiлетi мен кәсiбилiгiн көтеру екенi белгiлi. Сондықтан ағарту саласының мамандарына бiлiм деңгейi биiк оқушылар мен ағылшын тiлiн ана тiлiндей бiлетiн алғыр шәкiрт дайындап шығару мiндетi жүктелiп отыр.

«100 нақты қадамда» айтылған салмақты мәселелердi шешу елiмiздiң келешегiн кемелдендiрумен қатар, Отанымызды озық отыз ел қатарына қосуға бастайтын соны соқпақ болып табылады. Бұл ретте, бiлiм беру саласына да барынша мән берiлiп отыр. Өйткенi, ғылым-бiлiмсiз даму даңғылына түсу мүмкiн емес.

Нүрия ҚАСЫМБЕКОВА, Омар Есiмов атындағы №72 жалпы орта мектептiң директоры. Сарыағаш ауданы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390