Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5633 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 09:22

ФРАНЦИЯ - ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШ РЕТ ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

«Бордо» мен «Қайрат» арасындағы матч екі ел клубтарының алғашқы кездесуі болмақ. Франция біздің футболшыларымыз еурокубок шеңберінде кездескен УЕФА-ның 38-ші елі болғалы отыр. Франция және Қазақстан футбол клубтары биылға дейін еурокубок аясында кездеспеген болатын. Бұл туралы sport.kz жазды.

21 тамызға қараған түні алматылық "Қайрат" клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Францияның "Бордо" командасына қарсы алғашқы матч өткізеді. Екі команда арасындағы кездесу Бордоның "Стад Бордо-Атлантик" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 00.30-да басталады. Матчты "Қазақстан" арнасы тікелей эфирде таратады. 

Айта кетейік, қазақстандық клубтар әзірге Әзербайжан, Англия, Андорра, Гибралтар, Италия, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Португалия, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Фарер аралдары және Черногория футболшыларымен алаңда бірге доп теуіп көрген жоқ.

Естеріңізге сала кетер болсақ, Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы іріктеу кезеңінде «Астана» Кипрден келген АПОЭЛ командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 14-минутында сол қапталдағы Фокси Кетевоманың әуелетіп берген добына бірінші жеткен Бауыржан Жолшиев есепті ашты. 18 тамыздағы ойынға «Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде еурокубок сынына қазақстандық командалардың өз алаңында өткізген кездесулерінде бұрын-соңды болмаған келушілер санының жаңа рекорды тіркелді. Матч кезінде «Астана Арена» стадионына 30 000 жанкүйер жиналды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1847
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1876
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1578
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1449