Жұма, 10 Мамыр 2024
Мәйекті 7892 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 10:30

ЕЛБАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ САҚТАУ ҮШІН ҮЛКЕН БЕЛЕС АЛДЫНДАМЫЗ

Кеше, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңес өтті. Шара барысында әлемдік нарықтағы ахуалдың қиындауы жағдайында қазақстандық экономиканың өсімін қамтамасыз ету бағыттары талқыға түсті. Мемлекет басшысы ұзақмерзімді болашақта қазақстандық экономикаға ықпал етуі мүмкін бірқатар теріс факторларды атап көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Аталған кеңестің видеосы Tengrinews.kz-тің Youtube-дегі каналынан алынды.

“Дүние жүзіндегі экономикалық ахуал өте нашар. Қазақстан сататын металлдың бәрі 30 пайызға төмендеді, темір, мыс, қорғасын. Онымен қоймай,  біздің сыртқа шығарып сататын көршілеріміз Қытай, Ресейдің сатып алу қабілеті төмендеп, біздің нарығымыз қысқарды. Еліміздің экономикасын, тіпті тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін өте үлкен белестің алдында тұрмыз, шара қолдануымыз керек”, – деді президент.

Ал қара алтынның құны алдағы 5 жылда дәл осы деңгейде сақталуы мүмкін, – деді елбасы. Сондықтан үкімет барынша  тиімді  бюджеттік және ақша саясатына көшуі керек және  2018 жылға дейін жаңадан салынатын құрылыс нысандары  тоқтатылатын болды.

Кеңес барысында Қаржы министрі Б.Сұлтанов бюджетке түсімдердің айтарлықтай азайып кеткеніне тоқталды. "Импорт көлемі 38 пайызға төмендеп, соның салдарынан кедендік баж салығынан түсетін түсімдер екі есе азайды. Мұнай бағасы екі есе арзандады, соған байланысты экспорттың кедендік баж салығы түсімдері үштен бір  мөлшерге азайды. Нәтижесінде бюджеттің кірісі 22 пайызға төмендеді.  Бұл ретте былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың өсу қарқынын ең алдымен Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферттер есебінен 103,4 пайыз деңгейінде ұстап тұрудың сәті түсті", – деді Б.Сұлтанов.

Президент  республикалық бюджет тапшылығын  ішкі резервтің есебінен 1 пайызға төмендетуді тапсырды. Сондай-ақ бұл дағдарыс Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіпке кері әсер етеді, бұрын-соңды мұндай қиындық болмағанын айтқан Назарбаев әрбір министрдің жұмысын жеке бақылауда ұстайтынын да ескертті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1857
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1889
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1591
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1459