Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4130 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 10:35

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ КЕРЕК

Өз елін жақсы көретін азамат ретінде әркімнің үйінде, көлігінде немесе офисінде мемлекеттік ту тұруы керек деген ой келіп тұр.

Тіпті әрбір мейрамxана, аудитория, түрлі залдар, банктер, ойын-сауық орталықтары, ірілі-ұсақты дүкендер, валюта айырбастау нүктелері, байланыс ошақтары, спорт залдар... Бірақ көрнекі орында. Тек мемлекеттік қызметкерлерде ғана емес, қоғамдағы барлық сала өкілдерінде солай болуы тиіс. Мейлі сіз жеке кәсіпкерсіз, жекеменшік мекеме қызметкерісіз... Себебі, меніңше, ту адамға елінің бір табан болса да алға басуына әрекет етуге әсер беретіндей. Тіпті болмаса, зиянын тигізбеуге, әрбір нәрсенің бекерге қадірін кетірмеуге итермелейтіндей көрінеді. 
Біздің елде түрлі атаулы күндер бар. (Болмашы бір даталар да жетерлік). Енді мемлекеттік ту күнін ресми белгілеп алсақ. Түркия, Түркіменстан, Ресей, Украина, тіпті Африканың Суазиленд корольдігі, мына Монғолия елінде Ұлттық ту, мемлекеттік ту күні деген атап өтіледі екен. 
Рәміздеріміздің әрбірін құрметтеймін, әрине. Әрбірі қастерлі. Бірақ тудың қасиеті ерекше деп білемін.

Нұржан Туғанбай, facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1294
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1251