Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 16:16

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ӨЛГЕН МАЛДЫҢ ӨЛЕКСЕСІН ЖИНАП ЖҮР

Еліміздің Шығыс өңірінде биыл қыс қатты болып, қара жерді қалың қар басып, қар көшкінінің астында қалуға айналған жұрттың қоныс аударып қауіпсіз елді мекендерді паналап шыққаны белгілі. Көктем келіп, қыс құрсауынан босап, тірлік қамына кіріскен халықтың енді шенеуніктер шақшадай басын шарадай етуде. Бұған дейін Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет сағатында әкім-қарарларды жинап алып, зардап шеккендерді мұқтаждықта қалдырмайтынын, өлген малдың орнын толтыратынын айтып, жұтта қалған елді жұбатқан еді.  Әр облыс 50 млн-нан қаражат бөліп, табиғат апатынан келтірілген шығынды өкіметтің өтеп беретінін айтқан. Соңғы деректерге сүйенсек, Шығыс өңірінде 70 мыңдай  мал басы қырылған көрінеді. Осы шығынды өндіріп алу үшін ендігі кезекте шығысқазақстандықтар көшкін судан лай астында қалған мал өлекселерін іздеуге шықты. Шенеуніктердің бұнысы баяғы сыбайлас жемқорлықтың сырқатына жол бермейтін әділ бағалау әдісі болса керек. Мәсімовтың ойында жұттан жұтаған жұрт мал басын артық көрсетіп үкіметті жеп, байып кетеді деген күдік басым.

Сонымен, мамырда мамыражай өмір болмай, шығысқазақстандықтар енді үйінді, лай-қоқыстың астында қалған мал өлекселерін іздеуге кірісті. Бүгінгідей 7-13 градустық ыстықта сасып, шіріген, құрттаған өлекселерді танып көрсету де мүмкін емес. Өлекселерді дер кезінде өртемесе, жұқпалы аурулардың таралуы әдбен мүмкін. Онсызда қыстың қақаған аязынан әупірімдеп әрең шыққан әлжуаз халықты жұқпалы ауруға шалдықтырып алмасақ жарар еді. Табиғат апатын тәңірдің тартуы дедік, ал, жер кеңіп, көк жетілген, ел аман, жұрт тыныш уақытта халқымызды қолдан жасалған жұқпалы дертке ұшыратсақ не болғанымыз? Әншейінде ақшаны желге шашатын Үкімет ит-құсқа жем болған өлекселерді іздетіп қор қылмай халықтың айтқанына неге сенбейді?!.   Қыс қаһарынан аман-есен шыққанына тәубе деген елдің  еңсесін көтерудің орнына өлекселерді іздедіп қойдық.

Ауғаныстанды қалпына келтіреміз деп гуманитарлық көмек бердік. Еуропадағы қауіпсіздің және ынтымақтастық ұйымына төраға мемлекетпіз деп Қырғызстанға тонналап мұнай мен бидайымызды жөнелттік. Соған рахмет дейтін елге ұқсамайды айыр қалпақты ағайынымыз. Керісінше шекараны ашсын деп күнде митинг ұйымдастырып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған құқық қорғау қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп қояды. Одан қала берді уақытша үкіметтерінің өзіне көңілдері толмай қираған хан ордасын тағы құлатпақ.

Дана халқымыз «көрпеңе қарап көсіл» дейді. Өзіміздегі жағдай болса мынау - проблема шаш етектен. Қызылағаштықтар мен шығысқазақстандықтарды жарылқап болғандай жайбарақат отырмыз. Мектеп бағдарламасынан қалып қойған оқушыларға жоғарғы оқу орнына түсуге барынша көмектесіп, тіпті тегін оқыту жағдайын неге қарастырмайды біздің үкімет?

Шығыстағы елдің жағдайы қиын. Әлі де жан-жақты көмекті қажет етеді.  Сондай көмекке зәру жұрт бүгінде құзғын қуалап, өлген малдың өлексесін жинап жүр.

Тыныс АХМЕТЖАН

АСТАНА

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2394
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661