Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 3650 0 пікір 10 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ШЫМКЕНТ ҚЫСҚА ДАЙЫН

Облыс орталығында биылғы жылу маусымына дайындық жұмыстары қызу қарқынмен жүргiзiлуде. Қала әкiмдiгiндегi жауапты мамандар қазiр Шымкент шаїарындағы үйлердiң 80 пайызы қысқы маусымға толық дайын деп мәлiмдедi. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етiлетiн 1762 үйдiң 1348-iнде дайындық жұмыстары аяқталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi мамандарының берген мәлiметтерi бойынша биыл қаладағы iшкi орамдық жылу жүйелерiне ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау үшiн «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан 9,2 шақырым жылу жүйелерi жөнделген. Жалпы, қаланың iшкi орамдық жылу жүйелерiне жөндеу жұмыстарына қосымша 14,7 миллион теңге бөлiнген. Соның нәтижесiнде 2,4 шақырым жылу жүйелерi қалпына келтiрiлген.

– Қысқы маусымға дайындық жұмыстары белгiленген кесте бойынша атқарылуда. Ескi құбырлар жаңартылуда. Шымкентте 346 бюджеттiк мекеме бар болса, соның 338-i қыс маусымына толығымен дайын болды. Бүгiнде Гагарин және Моторная көшелерiнде су сорғыш стансаларының ағымдағы, Оңтүстiк және Солтүстiк жылу жүйелерiнiң шекараларында жылу есептегiш құралдар орнату жалғасуда, – дейдi Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң басшысы М.Әбдiнұров.

Жалпы, шаїардағы денсаулық сақтау, спорт саласы мен әлеуметтiк нысандар алдағы жылыту маусымына толық дайын екен. Бiлiм саласындағы 217 мекеменiң 214-i әзiрлiк сапына қойылған. Ал, үш нысанда күрделi жөндеу жұмыстары жүрiп жатыр. Сонымен бiрге мәдениет саласындағы 42 мекеменiң 37-сi қысқа дайындық актiсiн алған.

Қала әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов барлық мекеме басшыларына қысқы жылыту маусымына дайындықты қазанның 1-iне дейiн толық аяқтауды мiндеттеп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1749
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1720
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1441
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1366