Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 8278 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 13:02

КЕКШІЛДІК КЕРЕК

Қайбір жылы, Қарағандыда абхаздық жігітпен аз-кем сұхбаттасып қалғаным бар. Әңгіме әлдебір бай азаматтың өзінің бір топ ауылдасына жасаған қысастығы туралы өрбіді. Сонда әлгі жігіт айтты: "Сіздерді түсінбеймін,басында байлығы, қолында билігі бар адамдардан өлердей қорқасыңдар. Оларға қарсы шықсақ бәрібір жеңіліп қаламыз деген психология меңдеп алған. Не істесе де көне бересіздер. Біз жақта ондай емес, егер әлдебір бай әлдебір кедейге зорлық қылса, қызын зорласа, өзін қорласа ана кедей міндетті түрде кек алады. Барады да үйін өртеп кетеді, мәшинесін жарып жібереді. Әйтеуір есебін тауып кек алады. Сондықтан бай тұрмақ, басқа болса да жөн-жосықсыз ешкімге соқтықпайды. Бізді ұстап тұрған кекшілдік" деді. Ойланып қалдым. Орыспен жанасқанда жоғалтқан бір мінезіміз кекшілдік емес пе? Бұрын бабаларымыз "қанға қан, жанға жан" қағидасын ұстанған. Кек алған тіпті болмаса құн төлеткен. "Кейіннен кекшіл болма, текшіл бол", "алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш" секілді сабырға шақырғыш мақалдар шығып асау қазақты жуасытып тастады. Жылқы мінездіміз деп жүрген халық қой мінезді момынға айналды. Кей кездері қоғамдағы әділетсіздікті көргенде, есесін жіберіп жатқан бауырларымды көргенде әлгі жігіттің сөзі есіме түсе береді.

Есболат Айдабосын

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 237
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 112
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 107
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 79