Жұма, 10 Мамыр 2024
Деп жатыр 5106 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 08:49

С.АХМЕТОВ ІСІ: ТЕРГЕУШІ КУӘГЕРДІ ТАСЫП ЖҮР

Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев ісіндегі «Сталь Цинк» эпизоты бойынша соңғы том қарастырылуда. Сот төрағасы Исламхан Есенбаев екінші эпизотты қарап болған соң, келесі эпизотқа мемлекеттік айыптаушылар мен адвокаттар тыңғылықты дайындалуы үшін келер аптаға дейін үзіліс жасау туралы ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, сотталушылардың біразы бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартып, соттың үзіліссіз жалғасқанын қалап отыр.

Қарағанды қаласы Жер қатынастар бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Дәрібеков, судяға сот отырысын үзіліссіз жалғастыра беру керектігін айтып өтініш білдірді. Неге дейсіз ғой? Себебі ол: "Бір апталық үзіліс арасында қаржы полициясының қызметкерлері куәгерлерді қыспаққа алып, өз пайдаларына куәлік етуге мәжбүрлеуі мүмкін", - деді. Бұл сотталушылар мен қорғаушылардың бірінші күдігі емес көрінеді. Осыған дейін де бірнеше рет куәгерлер қаржы полициясы қызметкерлері тарапынан «өңдеуге» ұшырапты. Бірақ, қолмен ұстап көзбен көрмеген соң ештеңені дәледеу мүмкін емес. Ал сотта дәлел-дәйексіз ешнәрсе қабылданбайды.

Ерлан Дәрібековтың сот отырысын үзіліссіз жалғастыру туралы өтінішін залда отырғандардың көпшілігі әртүрлі қабылдады. Біразы жақтасып, жалғастыра беру қажеттігін айтса, енді бірі демалулары керек екенін алға тартты. Соңында судия сотталушының өтінішін алда тағы қарастыратындығын айтып  ашық қалдырды.

Бұл оқиға кеше таңертегі отырыста болған еді. Түскі үзілістен кейін сотталушылардың күдігін расқа шығарған бір оқиға орын алды. Ол - осы іс бойынша маңызды куәгер  Ләззат Тоқсамбаеваның (бас сарапшы)  сотқа тергеуші Алексей Шевченкомен бірге, бір машинамен келуі. Мұны сотталушылардың бірі Айдар Телгарин байқап қалыпты. Сот барысында ол куәгерден:

- Сіз немен  келдіңіз? – деп сұрақ қойды. Оған куәгер:

- Машинамен, - деп жауап берді.

- Ал машинада кіммен бірге келдіңіз? – деп сұрады А.Телгарин.

- Оның маңызы бар ма? Мені Шевченко әкеліп тастады, - деп жауап берді куәгер.

Лаззат Тоқсамбаеваның бұл жауабы залда отырған жұртты дүр сілкіндірді. Сотта жауап  беретін маңызды куәгер тергеушімен бірге бір машинада не қылып жүр?

"Куәгерлердің отырысқа қатысуын сот қамтамасыз етеді деп келісілген еді ғой. Бұл жерде тергеуші Шевченконың не қатысы бар?" – деп, наразылық танытты Серік Ахметов. Оған куәгер жауын басталып кеткенін, және «кездейсоқ» Шевченкомен кездесіп қалғанын, ол сотқа дейін әкеліп тастауға ұсыныс білдіргенін айтты. Куәгер ұсыныстан бас тартпай көлікке отырған-мыс.

Бәлкім расымен де солай болған шығар. Бірақ, осыған дейін бұл куәгер сот алдына жұма күнгі отырыста шақырылған болатын. Бірақ қорғаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауап бере алмай, «ұмытып қалдым» мен шектелген соң, сот төрағасы оған қосымша құжаттарды алып, дайындалып келуге мүмкіндік берген еді. Ал, оның демалыста «дайындалып»  келген түрі әлгіндей болды.

Нұрлыхан Қалқаман

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1894
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1958
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1497