Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3845 0 пікір 22 Қыркүйек, 2014 сағат 10:57

ҚАРАҒАНДЫДА РЕСЕЙ АЗАМАТЫНАН 40 КЕЛІ ГЕРОИНМЕН ҚОЛҒА ТҮТСІ

Қарағандыда Ресей азаматынан 40 келіден астам героин тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың Гапев  ықшамауданында Nissan автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан екі сөмке табылды, онда сұр түсті ұнтағы бар 40 пакет болған және 36 мың АҚШ доллары салынған сөмке болыпты.  Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, әр пакетте бір келі героин болған, жалпы салмағы - 40,74 келі. Шетел азаматтары Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған  дейін де Қазақстан - Ресей шекарасында есірткінің ірі партиясының жолы кесілген. 34 келі героинді контрабандашылар Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1726
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1697
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1422
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1349