Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Бетбұрыс 6587 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 10:26

ҚАЙДА ТҰРАСЫҢ? ҚАШАН БАСПАНАЛЫ БОЛАСЫҢ?

 Қайда тұрасың? Қашан баспаналы боласың?

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ осы сұрақтарға жауап іздейді

Кеше, Алматы қаласындағы Тянь-Шань қонақүйінің мәжіліс залында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» (ТҚЖБ) басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің жиыны болып өтті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы бойынша пәрменді жұмыс істеп бастаған банк екені көпшілік қауымға белгілі болса керек.

Өткен тамыз айында аталған банктің қасынан қоғамдық кеңес құрылған болатын. Қоғамдық кеңестің құрамында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев бастаған танымал баспасөз өкілдері мен кәсіпкерлер, банкттің клиенттері бар.

Жиын барысын кіріспе сөзбен ашқан қоғамдық кеңес мүшелерінің жетекшісі Сейтқазы Матаев баспананың басты мәселе екендігін қайталай келіп, негізгі әңгіме желісін  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмақұловқа ұстатты.

Айбатыр Нышанбайұлы бірден істің сөзіне көшіп: «Біздің банктің салымшылары өздері болашақта ие болатын пәтерлердің сапасына алаңдайды. Сондықтан банк қызметкерлері «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерге барып, оларды суреттерге түсіріп, банктің веб-сайтында жариялап тұрады. Банк клиенттері біздің сайт арқылы тұрғын үйлердің құрылысы қалай, қандай сапада жүргізіліп жатқанын бақылап, қадағалап отырады. Міне, біз бүгін құрметті, қоғамдық кеңес мүшелері, сіздердің алдарыңызға «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің жай-күйіне жауап бере алатын адамдарды шақырдық», - деді.

Осылайша бүгінгі жиынның мақсатын айқындап берген төрғаның сөзінен кейін ортаға шыққан Ербол Қарашүкеев (ТҚЖБ АҚ Басқарама төрағасының орынбасары) 7 облыстан өкілдер келгенін, олардың әрқайсысы уақытында тапысырылмай қалып жатқан тұрғын үйлерге қатысты нақты мәселелерге жауап беретіндігін хабарлады.

Ербол Шырақпайұлының сөзіне қарағанда,  «Қолжетімді тұрғын үй -2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің бәсекесінде Ақтөбе облысы алдыңғы орында болып шықты. Ақтөбеден кейінгі орын Алматыға тиіпті. Алматыдан кейін Астана тұр. Астананың соңынан Батыс Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы ілесіпті. Ал, ең соңғы орында Ақмола облысы мен мұнайлы облыстар: Атырау мен Маңғыстау тұр.

Хош делік. Бірақ мемлекеттік бағадарламалар негізінде бой көтеріп үлгерген үйлер неге белгіленген мерзімінде берілмейді? Неге ел іші осы үйлердің сапасына наразы? Қарашүкеев мырза осы сауалдарды жауапты адамдарға тікелей қоя отырып, мәселенің мән-жайын анықтай сөйлеуді сұрады.

Мысалы, Көкшетау қаласындағы «Васильковский» ықшам ауданында тұрғызылған 150 пәтерлік 5 үйдің сыртқы жұмыстары қаржы уақытында бөлінбегендіктен бітпей тұр.

Атырау қаласындағы 135 пәтерлік 3 үй («Алмагүл» ықшам ауданы) бұрынғы облыс басшысына қылымыстық іс қозғалғандықтан тоқтап қалған.

Павлодар қаласындағы №1 ықшам ауданында 2011 жылы басталған құрылыс мердігерлердің жұмысты талапқа сай жүргізе алмауынан тағы бір мердігер ауыстырып межесіне жете алмай қаңтарылған. Алайда, Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс басқарамасы жөніндегі бөлімнің орынбасары Ержан Асылбаев мырзаның сөзіне сенсек,  қазір тұрғын үйдің ішкі-сыртқы жұмыстары жөнделіп, бітуге таяған көрінеді.

Петропавлск қаласының «Береке» ықшам ауданындағы 45 пәтерлі үйдің суқұбыры жарылып, іргетасы сөгілген соң жұмыс тоқтап, қауіпсіздік шараларын ескере отырып мәселені зерттеу, анықтау қажет болған. Қазір құрылыс қайтадан қарқын алғанға ұқсайды. Сөйтіп, 2013 жылы берілуге тиіс үй 2014 жылға қалған.

Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшам ауданында бой көтеріп жатқан 49 пәтерлі 1 үй бас мердігердің («Шұғыла» ЖШС) жұмыс кестесін бұза бергені үшін арадағы келісім қайта қаралып, мердігер ауысқан. Сол себепті де 49 пәтерлі тұрғын үй әлі пайдалануға берілген жоқ.

Алматының «Мамыр», «Әйгерім-2» ықшам ауданында салынып жатқан үйлер жұмысшы күшінің тапшылығы мен кәсіби мамандардың жоқтығына байланысты бітер емес.

Жоғарыда біз тізіп өткен жайттардың әрқандайына болсын облыс орталықтарынан арнайы келген өкілдер барынша жауап беруге тырысты. Қайсібірі терлеп-тепшіп, алдағы бір-екі айда құрылыс нысандарының толығымен аяқталатындығына сендіріп бақты. Әйтсе де, бұндай уәделер қоғамдық кеңес мүшелерін иландыра алған жоқ. Кеңес мүшелері өз тараптарынан құрылыс жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, қажетті деректерді қойын дәптерлеріне түртіп алып отырды.

Әрине, ТҚЖБ қасынан құрылған қоғамдық кеңестің жиынынан соң бәрі керемет болып кетеді деп байлам жасау қате, бірақ, осы арада клиенттерінің көңіліндегі күдік пен күмәнді ортаға салып, мәселенің мән-жайын күн тәртібіне қойып отырған банк әкімшілігінің әрекетін құптаған жөн шығар. Неге? Өйткені еліміздегі бірінші дәрежелі банктердің өзі салымшыларының ақшасын айналымда ұстағаны болмаса, олардың түпкілікті мүдделерімен есептеспейді. Жә, бұл өз алдына бөлек әңгіме. Біздің айтпағымыз: мемлекет тарапынан қолдау білдіріліп жатқан бағдарламаларға қолды сілтеп қойып қарап отырмай қатысқан жөн, бақ сынаған абзал. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жергілікті бөлімшелеріне барып хабарласып, ақпарат алып тұру керек. Қажет деп тапсаңыз банктің электронды поштасына: os@hcsbk.kz хат жолдаңыз. Ойыңыздағы сұрақтарды қойыңыз, мамандардан жауап алыңыз. http://www.hcsbk.kz сайтын қарап отырыңыз. 8 8000 801 880 телефонына тегін қоңырау шалыңыз. Бұны қиынсынсаңыздар Abai.kz ақпараттық порталы банк қызметіне байланысты сауалдарыңызға нақты мамандардан жауап алып,  дәнекер болуға дайын.   

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1794
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400