Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Арылу 6777 0 пікір 24 Қыркүйек, 2014 сағат 12:28

КОМПАРТИЯЛЫҚТАР: АЛДАМЖАРОВ ОРНЫНАН КЕТСІН

 Күні кеше Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы өкілі Алпамыс Бектұрғановтың мәлімдемесін жариялаған болатынбыз. Ол өзінің партия қатарынан не үшін шеттетілгенін айтып, Компартияның іштен бүлініп жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, коммунист өз әріптестерін осынау заңсыздықтармен бірге күресуге де шақырған.

Бүгін Бектұрғановтың осы бастамасын өзге партияластары да қолдап, баспасөз мәжілісін өткізді. Атап айтқанда, ҚКП ұйымдастыру бөлімінің басшысы Косяченко Владимир Васильевич пен ҚКП ОК-ның бұрынғы мүшесі Исмаилов Мәдел Мұхамедиұлы журналистермен кездесіп, өз шындықтарын ортаға жайып салды.

«Қазақстандағы компартия құрылған кезден бері онда идеологиямен ешкім айналысқан жоқ. Облыстық, қалалық филиалдардың ешқайсысы партия мүшелерін есепке алу мәселесіне пысқырып та қарамады. Соның салдарынан қазір қай өңірде қанша коммунист барын нақты ешкім айта алмайды. Кейбір бөлімшелерде небәрі 2-3 адамнан ғана бар. Ал, Семейдегі партияның комитетінде жалғыз адам жұмыс істеп келеді, ол – Махыжанов. Бұл ауызбіршіліктің жоғынан. Мұның соңы Қазақстандағы компартияның толық ыдырауына алып келуі әбден мүмкін» дейді Владимир Косьяченко.

Ол партия жетекшісі Ғ.Алдамжаровқа орнын босатуды талап етіп, жаңа басшылықты өңірлердегі партияластарымен ақылдаса отырып тағайындау ұсынып отыр.

Abai.kz

0 пікір