Жұма, 30 Қыркүйек 2022
Билік 9011 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 11:32

Ватикан мұрағаты қазақ тарихын паш етті

Ватикан мұрағатынан Қазақстан тарихына қатысты баға жетпес деректер табылды. Құнды жәдігерлерді Италия елінің Рим қаласына барған ғылыми зерттеу тобы анықтады.

Бұл туралы “Қазақпарат” хабарлайды.

Сапардың қорытындысы ретінде ғалымдар тобы “Рим мен Алаш: Рим мен Ватикан мәдени ескерткіштеріндегі көшпенділердің өнері мен тарихы, тұрмысының бедерленуі” фотокөрмесін өткізіп жатыр.

Алматылықтар бұл сирек жәдігерлерді Т.Жүргенов атындағы академия ғимаратынан көре алады. Фотокөрме қыркүйектің 29-ынан қазанның 4-іне дейін өтеді.

Зерттеу жұмыстары Ватикан мемлекетінің мұрағаттары мен кітапханаларында жүргізілген. Екінші зерттеу тобының құрамында Колумбия университетінің тарих ғылымдарының профессоры Рафис Абазов пен “Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының оқытушысы Кармине Барбаро болды.

Тарихшы профессор Рафис Абазовтың айтуынша, зерттеу барысында Ватиканның құпия мұрағатынан қазіргі Қазақстан территориясы бедерленген 6 бірегей карта мен 13-15 ғасырларда Рим папасының түрік қағанына жазған хаты табылған.

Карта 1684 жылы жасалған.

Abai.kz

0 пікір