Сенбі, 23 Қыркүйек 2023
Жаңалықтар 5539 0 пікір 2 Қазан, 2014 сағат 11:17

ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА: «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады. Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып табылады.

Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері,  этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жекелеген авторлар қатыса алады.

           Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстарында 2014 жылдың 1 қаңтар мен 6 қараша айлары аралығында жарияланған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар қабылданады.

Материалдар 6 қазан мен 6 қараша аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысушылар жұмыстарын  ұйымдастыру комитетіне жолдай алады. Іріктеу 6 номинация бойынша жүргізіледі және жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Толығырақ ақпаратты  www.mki.gov.kz  және  www.allhistory.kz  сайттарынан ала аласыздар.

Сілтемелер:

http://www.mki.gov.kz/kaz/konkurs/o_konkurse/

http://allhistory.kz/kz/post/view?id=831 

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 1955
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2018
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2369