Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 10403 0 пікір 17 Қазан, 2014 сағат 13:29

ҚАЗАҚСТАН ЕҢ БАЙ ЕЛДЕР АРАСЫНДА 8-9 ОРЫНДА

Өзінің минералды қорларының арқасында Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында тұр, деп санайды Қазақстан ғалымдары одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сабден. Бұл туралы Nur.kz хабарлады. 

"Сіздер жақсы білесіздер, Қазақстан – бай мемлекет, бай ел. Байлығы бойынша 8-9 орында тұрмыз. Уран, сирек кедесетін металдар бойынша әлемде 1-2 орында", - деп мәлімдеді Сабден бейсенбіде халықаралық "Интеграциялық үдерістердің даму жағдайындағы АӨК мәселелері" ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

"Дегенмен пайдалы қазбалар – мұнай, газ жарты ғасырдан кейін, мүмкін одан да көп уақыттан кейін таусылар. Сонда неге үміт арту керек? Әрине, ең алдымен миға және аграрлық ғылымға деп ойлаймын. Себебі ауыл шаруашылығы - бұл ең бастысы", - деді ол.

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1820
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1831
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1540
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1428