Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6886 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 10:52

ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА «ТІЛ МЕРЕЙІ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында республикалық  «Тіл мерейі» байқауын өткізеді. Байқау  23-24 қазан күндері Астана қаласында өтеді. Іс-шараның басталуы: 10.00 сағ. Өтетін орны: Астана қ. Гуманитарлық колледжі., Жансүгіров к-сі, 4.

Қатысушылар: «Тіл мерейі» облыстық (қалалық) байқауының жеңімпаздары, тіл мамандары, әдіскер-ғалымдар, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер.

Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтар  ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін таратуды мақсат етеді.

Байқау аясында 23 қазан күні байқаудың бағдарламасына сәйкес өзін өзі таныстыру, сабақ үлгілері көрсетіледі; 24 қазан күні оқытушылардың электронды портфолиосымен танысу, салтанатты марапаттау рәсімі болады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір