Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4414 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 19:41

Мүсірепов театрында "Мауглидың" тұсауы кесіледі

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар мен жасөспірімдер театрында ПРЕМЬЕРА!

Басталуы:  23 қазан, сағат 12.00-де.

Р.Киплинг

МАУГЛИ

(ертегі)

Қоюшы-режиссері – Жанат  Хаджиев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.

Қоюшы-суретшісі  – Камилла  Құрманбекова.

Балетмейстер  – Ринат  Билибаев.

 Музыкамен  көркемдеуші   және режиссердің ассистенті – Сағызбай  Қарабалин – Қазақстан  Республикасының еңбек  сіңірген  артисі, «Құрмет»  орденінің  иегері.                     

Режиссердің  көмекшісі  – Гүлфайруз  Смаилова.

Театр сахнасында Киплингтің бөрі бала туралы Маугли хикаясы кішкентай көрермендердің назарына ұсынылады. Үстемдік пен  талас-тартысқа  толы Маугли ертегісінде ынтымақ пен бірлік жеңеді. Бөрі бала  қойылымы балаларды батылдыққа баулитын бағалы шығарманың бірі.

Келіңіздер, кеш қалмаңыздар!

Қамшы-ақпарат

0 пікір