Сенбі, 4 Мамыр 2024
Сүйінші! 5591 0 пікір 22 Қазан, 2014 сағат 19:17

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНАДЫ

Фото - akorda.kz

Келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлайтын болады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуінде атап өтті, деп жазады baq.kz.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

  – Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.

Президент кейінгі кезде қазақ мемлекеттілігінің тарихына байланысты мұндай жария сөзді ашық мәлімдемесе де жиі айтып жүр. Мемлекеттілік тарихқа қатысты президенттің бұлай жиі айтуына, сарапшылардың пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы жағдай және Ресейдің империялық пиғылының қоғамдық сипат алып әрі оның ұшқыны Қазақстанда да пайда бола бастауы себепкер.

Қалай болған да президент Н.Назарбаевтың  қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өту туралы ойы жалпыхалықтық қолдауға тұрарлық бірден бір бастама екені шындық!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1044
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 927
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 784