Бейсенбі, 30 Мамыр 2024
Айқай 8891 0 пікір 24 Қазан, 2014 сағат 09:47

Банктар басына бере ме?

Ұлттық банк биыл коммерциялық банктерге қайтарылмайтын займдар көлемін несиелік қоржынның 15 пайызына дейін төмендетуді міндеттеген. Бұл Елбасы талап еткен 10 пайызға түсіру міндетін қамтамасыз етпек шара еді. Алайда тәуекелді дұрыс бағаламау, сыбайлас жемқорлыққа жол беру, кәсіби шеберліктің жоқтығының кесірінен бұл көрсеткіш азаюдың орнына бір жылда 19 пайызға артып, 2014 жылдың басында 31 пайызға дейін жетті. Ал 1 қыркүйекке дейін оның өсімі 4,8 пайызға артты. Бірақ оған қарап жатқан банктер жоқ, бәрі де қайткенде табыс табу үшін тұтыну несиелерін аямай таратуда. Осының өзі олардың азаматтар мен мемлекет алдындағы жауапкершілігінің төмендеп бара жатқанын көрсетеді. Сөйтіп, сайып келгенде табысты қалтаға басып, ал шығынға ұшыраса, оны мемлекеттің есебінен жауып, әлеуметтендіруге үйреніп алған.

         Алайда... Осыған дейін мемлекет банктердің миллиардтаған шығынын жапқанымен олар халықтан кепілге қойылған мүліктерді тартып алуды жалғастыруда. Соның ішінде кейбір клиенттерінің басындағы жалғыз үйді де сот шешімімен тартып алып жатқан көрінеді. Ау, сонда мемлекеттің олардың миллиардтаған теңге шығындарын Ұлттық қордан жапқаны қайда? Шығынын жаптырып алып, халықтан және өндіріп жатқаны ма? Солай болып шықты.

         Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, депутат Айқын Қоңыров өздеріне түсіп жатқан хаттарға сүйеніп, палатаның пленарлық отырысында осылай деді. Басындағы жалғыз баспанасынан айрылып жатқан кейбір жандар басқа амалы жоқ болған соң өзіне өзі қол да салыпты. Мұның арты әлеуметтік шиеленіске соқтыратынын ескеріп осы проблеманы түбегейлі анықтау үшін біз тәуелсіз сарап жасағалы отырмыз, дейді Айқын Қоңыров. Өзінің Ұлттық банктың төрағасы Қайрат Келімбетовке жасаған сауалында ол осы мәселеге байланысты мынадай ақпарат беруді өтініпті:

  1. Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктың осы мәселеге қатысты №30-1-06/498 хаты бойынша қандай нақты әрекеттер жасады? Олардың жауаптары мен есептерінің көшірмесін көрсету;
  2. Банктердің бухгалтерлік есептерін жүргізу және несиелерді есептен шығару тәртібі жөніндегі нұсқаулықты беру;
  3. 2013 және 2014 жылдардағы барлық банктердің қаржылық, салықтық есептері; 
  4. Облыстар бойынша ипотекалық несиелерді қайтара алмаған азаматтар мен ұйымдардың әрбір банкке қатысты тізімі;
  5. Екінші деңгейдегі банкілер «Ипотекалық несиелендіруді кепілдендіру жөніндегі қазақстандық қор» АҚ келісімшарттар жасасқанын білеміз. Ендеше қай банкіге, қаншалық көлемде сақтандыру төлемдері берілгені туралы ақпарат;

 

    Апырмай, осы күнге дейін көкелері мен жәкелері жоғарыда отырған екінші деңгейдегі банктерге ешкімнің тісі бата қоймап еді, «Халықтық коммунистердің» оларға шамасы келе қояр ма екен? Алдымен мына ақпараттарды Ұлттық банк те жекеменшіктің мүддесін қорғаймыз деген неше түрлі заңдарға сүйеніп бере қоймайды-ау...  Ал берсе болды, коммунистер халықты әбден басынып болған банктердің қоясын ақтарғалы отыр. Я, сәт!

Серік Елеу, сарапшы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2430
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2750
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3218
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1825